Не ойлап отырсыз?

Не ойлап отырсыз?
жеке
блог

Мейіргүл апайдың сұрағына жауап.

                               Мен дәл қазір не ойлап отырмын?!

   Мен дәл қазір болашағымды ойлап отырмын. Ертеңім не болады? Қай салада қазағымды өрге сүйрей алам???

Бұл туралы ойлануымның да себебі жоқ емес. Бүгінде ҰБТ бәріміздың жырымыз болды (шыны осы). Әлі мектеппен қоштасуыма 2 жыл бар болса да мамандық таңдауды бүгіннен ойластырып жүрмін (дұрысы,ойластырып жүрміз((( Мен бала кезімнен журналист болуды қалайтынмын. Әлі де. Мәселе мынада: менің анам журналистика саласына ат басын бұруыма түбегейлі қарсы. неге екенін,кім білсін?! Ал мен анама қарсы шығайын десем ренжітіп алам. ал айтқанын істейін десем, өмір бойы өкініп өтем бе деп қорқамын. анам менің дәрігер болуымды қалайды (өзі сияқты).

Міне,мен қазір осыны ойлап,қамығып отырмын....

Жайымды айтсам жасырмай,жағдайым менің осындай...