Тағы да ҰБТ-ның жыры

Әр жылда ҰБТ өтетін кезде есіме 2000 жыл түседі. Мен ҰБТ-ны дәл сол 2000 жылы тапсырғанмын. Ол кезде алдын ала тест орталыктарының есігін жыл бойына тоздырып, дайындалу деген екінің бірінің бағына жазыла бермейтін кез. Үйге 5-11 сынып оқушыларына арналған математика (алгебрасы мен геометриясы бар), қазақ тілі мен әдебиеті және қазақстан тарихы оқулықтарын тізііііп жинап қойып барлық тақырыптар бойынша оқып, мазмұнын айтып, цифрларды жаттап... бір-ай бойы әуре болғаным есімде. Қызық. 72 балл жинадым. Есік жаққа, ешкімге жаутаңдамай-ақ деймін да. Сонда тек өзімізге ғана сенген екенбіз. Қыркүйек басталып топқа келсем, тобымызда 114 балл жинаған бойы кішкентай ғана Ә. деген группаласымыз бар екен. Бүкіл факультет мақтан тұтқан, сол кезде. Сол кезде дейтінім кейін 4 жылға созылған оқу процесінде сол 114 балл жинаған Ә.нің сыры ашылды. Сонау ҰБТ деген термин енді ғана білім саласына ене бастаған кезеңде ол көйлегіне таққан тері белбеуге айналдыра шпаргалка тыгып кірген екен. 4 жыл бойы сол шпаргалка деп аталатын желеп-жебеушісін тастамай, оқуды тәмам қылды. Сонда деймін-ау, шпаргалка пайдалануға да үлкен шеберлік қажет екен. Оны шеберлік деу қате деп келіспейтін шығар базбіреулер, бірақ ҰБТ-ны басынан өткізген әр талапкер бұны сөзсіз мақұлдайды. Және дәлелдеуді түк те қажет етпейтін мына қағида ҰБТ-ның ұраны. Ол: "Бап шаппайды, бақ шабады".



Бөлісу: