Сағынбадым мен сені

(Сүйіктім екеуміз аз-кем ренжісіп қалып едік)

 

Нұр жүзіңнен жасап алып тәтті елес,

Бұл көңілім құлазулы, шат та емес

Суретіңе ұзақ қарап күрсінем...

Мен өзіңді жай сағындым, қатты емес!

 

Тұманба,  әлде тұп-тұнық па  айнала?

Сені көрем жүрсем-дағы  қайда да

Өліп-өшіп сүймеймін ғой жарығым

Мен өзіңді жақсы көрем жай ғана!

 

Қиындық па, бәлкім мұным  бір азап

Мұңайып-ақ қалдым менде біраз-ақ

Көңілімді түсірмеймін сонда да-

Мен өзіңді ойлап жүрмін тым аз-ақ!

 

Ойлағанда қайтер дейсің, көп емес

Тек миымда шатып жүрғой көп елес,

Өшігіп ап намысыма сезімім

Жүрек пенен ақылымда төбелес!

 

Қарап қоям агенттегі жазбаға

Кірді ме деп үміт отым маздана

Іздемеймін арып-талып қиналып,

Жай өзіңді көргім келед аз ғана!

 

Аз ойлаймын, таңертең де түсте де

Сен өзіңді хабарласпай күштеме

Телефонға қарап қоям мен кейде

Дауысыңды естісем ғой кішкене...

 

сурет :https://fotochip.ru/21-foto-serdechek.html

 



Бөлісу: