О, муза! Қайдасың?
блог
31- мамыр. Көктемнің соңғы күні. Байқайсыздар ма? осы тақырыптың өзіне қаншама пост жазуға болады. Бірақ, жаздың келуі мамыр айымен астасып кеткендей иа... Бәрібір, ештеме жаза алар емеспін...
31- мамыр. Қуғын-сүргіндерді еске алу күні. Бұл тақырыпта, құлшына қалам сілтеуіме болатын еді, атамды жазып. Болған оқиғаға өкініп, совет заманына қарғыс айтып... Бірақ, жаза алар емеспін...
31- мамыр. Қала да қаншама көңілді бағдарламалар бар, соларды талдап жазсам қайтеді. Қойшы, тағы жаза алар емеспін....
31-мамыр. ҰБТ жақындап қалды, артымнан ерген іні-сіңілілеріме ақыл айтып, өзім өткерген ҰБТ дағы тәжірбиемді жазбадым, себебі мен аз балл алып грантқа түсіп кетіп ем :). Оны да жаза алмадым...
Біраз, көптен жазғым келген тақырыптар бар еді, шимайларда тақырыптар толып тұр. Тек, жаза алмадым...
Блогтарды оқыдым, көбіне кері пікір жаздым Ардақ айтпақшы тролить еттім, қарсы шығып, қап бәлем Сырдың қызы ренжіп қалмаса екен тек...
Опшым, бір апта бойы маған "муза" келмей қойды... Қойшы, тәйірі уақытым болмады дей салсаң болмай ма??? Сонымен, тақырып іздеп, ойланып жүрмін. Күтіңіздер :)
Айтпақшы, жаздың алғашқы күнімен! Депресняк тек көктем мен күзде болмаушы ма еді, шамасы жазда да болатын сияқты ғой... Жаздан үлкен жаңалық күтіңіздер :). Ааа, іштеріңіз бір түрлі ойға толып кетті иа :) Қорықпаңыздар, тізімде барсыздар :)