Менің талантсыздығым...

Менің талантсыздығым...
жеке
блог

            МЕН – АДАММЫН!

 

Мен – адаммын, жақсылықты тілейтін,

Мен – адаммын, жамандықты білмейтін.

Мен – адаммын, ұлтым-тілім тек қазақ,

Мен – адаммын, жақсы сөзді сөйлейтін.

 

Мен – адаммын, сен – адамсың, соны біл,

Мен – адаммын, мен де күлем, сен де күл.

Біз – адамбыз, тіршіліктің иесі,

Адамдарды бауырым деп сүйіп жүр.

 

                    СҮЙЕМ

 

Анамды сүйем

Әлпештеп мені өсірген.

Әкемді сүйеп

Ержүрек етіп өсірген.

 

Әжемді сүйем

Әлдилеп мені тербеген.

Атамды сүйем

«Немерем, кәне, кел» деген.

 

Елімді сүйем,

Отаным менің – Қазақстан.

Жерімді сүйем,

Жүрегім менің – Қазақстан.

 

                ТУҒАН ЕЛДІ АЯЛА

 

Жылқысы шапқан далада,

Қыраны ұшқан аспанда,

Биік-биік тауы көп

Туған елді аяла.

 

Балығы жүзген өзенді,

Мұнайға толы теңізді,

Аққуы қонған көлдерді,

Аяла туған жеріңді.

 

Бірлігі берік, сенімді,

Би-шешен көп еліңді.

Ананың сүтімен келген

Аяла туған тіліңді.