Бүгін бір қызық болды

Бүгін бір қызық болды
жеке
блог

Бүгін бір қызық болды. Күнегі әдетпен жұмысқа барып, күннің маңызды шаруаларын істеп жатқаным сол, телефоным шырылдай қалды. Группаласым Қанат: «Ардақ! Қайдасың? Тез келсеңші!» дейді. Басыма сап етіп түсе қалғаны бүгінгі емтихан! Жоқ! Тұра тұр! Кеше ғана біреуі болып, енді ертең келесісі болмай ма екен деуім мұң екен, тұтқаның арғы жағынан группаласымның зілді даусы мазаны кетірді...

Өң мен түстің арасында жүріп Мейіржанның көлігіне отырдым. 10 минутта зырылдап бара қалдым. Мен тұңғыш көріп отырған көзілдірікті мұғалім «кіріңіз!» дегеннен басқа дым демеді. Жарты сағатқа кешіксем де емтиханнан сол бетіммен барып бірінші шықтым.

Анау-мынау делінген сұрақтар мен үшін оңай болды демей-ақ қояйын, «ел қатарлы» жазып, бірінші бітіріп шыққаныма өзім таңғалып қалдым. Таксилетіп жұмысқа келсем сағат тілі 14:30! Мен онда 13.30-да тура шыққанмын. Сондағы бір сағаттың ішінде барып, емтихан тапсырып, таксимен қайтып келгеніме 1 ғана сағат жұмсалғаны ма?! Сағатым тура, рас. Қызық ә?

Айтпақшы, Мәке, Рахмет! :)