ЕРЖҮРЕКТІК...

ЕРЖҮРЕКТІК...
жеке
блог

7 наурыз күнгі Алматыдағы сұмдық кептеліс ешкімнің есінен шықпаған болар. Қар аралас жаңбыр жауып, төрт сағатта үйге әрең жетіп едім. Кешігіп келгенімді байқатпағандағым, кешкі ас әзірлемегенім бар дегендей... Өзінің де келгеніне көп уақыт болмаған екен. Жаңағы кептелістің кесірі, әрине! Кірген бетте: «Не деген баласың мені іздемедің ғой?»  – дедім ұлыма қалжыңдап. 
    –  Не деген әйелсің! Қандай екендеріңді құдай да біледі, қар аралас жаңбыр, одан қалды проооообка! Бүйткен мейрамдарың...   – деді ыржыңдап... Үндемедім.
Бүгін 7 мамыр   – Отан қорғаушылар күні! Кеше жолдан келгенім бар, мерекеден бұрын үй ішілік күйбең тірлік   –  кір жуып, үй жинау дегендей... Жуынатын бөлмеге бірінші кірген ұл:
     –   Құдайдың өзі біздің асқан ержүрек екенімізді біледі ғой... Білдің бе?!  – деді де, киініп жұмысына кетті.
Әлгіндегі айтқанын түсіне қоймадым. Бетімді жумақ болсам... Ыстық су жоооооқ... (( Шекемнен өтетін тастай сууууууу! Міне, ержүректіііііііііік! ))))))))))))))))))))))