Жеңіс күні қарсаңында

Жеңіс күні қарсаңында
жеке
блог

Биыл Ұлы Жеңіске 68 жыл толады. Өткен ғасырдың ең сұрапыл оқиғаларының бірі - Ұлы Отан соғысы. Бұл шайқасқа қазақ елінің нардай азаматтары да қатысып, қазақ аналары тылда жұмыс істеді. Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп жатқан әр азамат Ұлы Жеңіс мерекесінде қыршын кеткен құрбандарды еске алып, соғыс және еңбек ардагерлерін ерекще ардақ тұтады.

Ұлы Мереке қарсаңында біздің арнамыздағы барлық телевизиялық бағдарламалар Жеңіс күніне арналмақшы.   

Жексенбі, 5-мамыр, сағат 19:30-да "Өмір тынысы" бағдарламасында Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің сұхбаттарын көре аласыздар. Сондай-ақ, отты жылдары қолдарына қару алып, ерлікпен қаза тапқан қазақтың қос шынары Әлия мен Мәншүктің өмірі жайлы сыр шертіледі. Ал жас өнерпаздардан құрылған "Аңсар" тобы ардагерлердің құрметіне ән шырқайды. Бағдарлама 9-мамыр, яғни мереке күні сағат 11:50-де қайталанатын болады.

Сондай-ақ, арнамызда мерекеге орай соғыс ардагерлерінің марш-парады, деректі фильмдер, мерекелік концерттер көрсетіледі.

Жеңіс күні құтты болсын!

Аспанымыз ашық, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!