Кешегі кеш немесе "Ботик-шоу"

Кешегі кеш немесе "Ботик-шоу"
жеке
блог

Мен сіздерге бір құпиямды айтайын, алты жыл бойы газетте істеп, Жаңа жылдық корпоратив дегенді білмей келдім. Әрине, арасында құрбым өзінің корпоративтеріне шақырып тұрды, бірақ өз ұжымыңмен бірге болмаған соң басқаларға қызығып жүруге ғана тура келді.

Осы жылы менің өмірімде жаңа жұмыс, жаңа ұжым және әлбетте Жаңа жылдық корпоративке бару бақыты бұйырды. Ең алдымен "Медеу" мұз айдынында демалу мәртебесі берілді, содан кейін мейрамханаға бардық.

Негізінде Жаңа Жылдық корпоратив болғанымен Жаңа жылдық атрибуттан көп ештеңе болмады. Бірақ бұл кештің қызықты өтуіне кедергі болған жоқ. Өйткені, Алаш айнасы мен On.kz/Massaget.kz-тің басы қосылды. Сондықтан бұл кештің көңілсіз өтуі мүмкін емес еді.

Айна.тв жаңалықтары осы кеште виртуалда ғана емес, реалда да көрініс тапты. Көпшілікке ұнаған сияқты.

Осы кеште Болатбектің шоуына қарық болдық. Ең әуелі оның «фирменный» биін тамашаладық.

Кеш ортасында Айнараға үйленемін деп шешті. Уақытты созбай, сол жерде-ақ «Жар-жар» айтып, беташар ұйымдастыруды жөн санадық.

Жоспар бойынша, бүгін екеуі АХАЖ-ға бару керек болған.

Бірақ кеш соңында Болатбек ойын өзгертіп, бәрімізді жақсы көретінін айтты. Әсіресе, Қайыржанға деген «ыстық» махаббаты жайлы білесіздер.

Біздің кешке арнайы V-Alem тобы келді. Үш жап-жас, тәп-тәтті балалардан тұратын топ жақсы өнер көрсетті. Стильдері өзгеше, билері бар, пластика, әндері болашақта тіпті күшті бола жатар. Очм, ризамын.

Кеш соңында армандарымызды айтып, аспанға "әуе фонариктерін" жібердік. Біздің арманымыз не екенін білетін шығарсыздар. Фонаригіміз әуеде қалықтап, ұшып кетті. Алыстан қарағанда жұлдыздар іспеттес жарқырап тұрды. Келесі жылы біз де солай жарқырап тұрамыз деген үміттемін.

Енді кештен қызық кадрлар:

"Идеальный бұғы"

Доп ойнайықшы

Бір күні Микки Маус екеуміз...

Бүгін Аяз ата мен болайыншы...

Стоп кадр