Нұрлан Қоянбаев кинода бағын сынап көрмек

Нұрлан Қоянбаев кинода бағын сынап көрмек
жеке
блог

 

"Қазақтар" көңілді тапқырлар командасының капитаны,  Нұрлан Қоянбаев бұдан былай кино саласына продюсерлік етпек. Қазірдің өзінде түсірілім жұмыстары басталып кеткен тележоба,  жақын күндері отандық телеарналардың бірінен  көрерменге жол тартады"Базарбаевтар" деп аталатын сериал комедия жанрында болмақ.    "Базарбаевтардың" басы "біссіміләдан" басталды. Жаңа жоба жұғысты, әрі кірісті болсын деген түсірілім тобы, алғашқы күні қазақи ырымды айналып өтпеді. Режиссер Ресейден арнайы шақыртылғанымен, сериал сценарийін, еліміздегі әзіл саласының майталмандары жазыпты. Нағыз ұлттық нақыштағы өнім, қазақ отбасының бүгінгі жайын жеңіл күлкімен жеткізбек.
НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ, ПРОДЮСЕР:
- Атыс-шабыс, әзіл сыйлап жүрміз гой. Енді сықақ түріндегі телесериал ұсынғалы отырмыз. "Базарбаевтар" күзде жалғасын табады деп ойлаймыз.
Туындыға таңдалған әртістер де танымал тұлғалар. Мәселен, "Базарбаевтардың" отағасы ролін орындайтын Бекжан Тұрыс бұл жолы әдеттегідей қарттың емес, балалардың әкесі образын сомдайды. Ал әзілдің ортасында жүрген Нүрдәулет Шертім, киноның қызығымен бірге жауапкершілігі көп екенін айтады.
НҰРДӘУЛЕТ ШЕРТІМ, АКТЕР:
- КВН-да бөлектеу. Ал кинода кішкене қиындықтар болады.
БЕКЖАН ТҰРЫС, АКТЕР:
- Бізден әсіресе театр жағына кетіп қалмауды талап етеді. Ал жалпы қиындығы жоқ.
Оның үстіне, қазақи, әрі халықтық телесериал жас таңдамайды.Алайда жаңа жоба Қоянбаев мырзаны көңілді тапқырлар клубынан алшақтатады деген сөз емес. Керісінше, продюсер, көрермендермен сахнада да, оның сыртында да бірге болмақ.
.