Көрші туралы

Көрші туралы
жеке
блог

Мен бұл үйге жаңа жыл күні көшіп келгем. Иә, шынында жаңа күндер басталған болатын. Қыздар мені ерекше ықыласпен қарсы алды. Тез тіл табысып кеттік. Бірақ осы пәтерге келген күннен бастап бізге көршіден тыныштық жоқ. Көршіден бұрын участковыйдың өзі күнде қонақ. Орыстарды сыйлаушы ем. Ұлтшыл да емес едім. Бірақ осылай адамды басынуына түк те төзе алар емеспін. Диванды сәл қозғалтсақ та, есікті теуіп, аузынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқаны. Әдейілеп қазақша сөйлегенде, «егер сен еркек болғаныңда, мына есікке бір жабыстырар едім» дегенді естідім.

 Участковыйдан келген аға қазақ. Бірақ ақшаға әбден құныққан. Қазір үстімізден арыз түспесе де, келе береді. Бөлімшеге алып кетіп, қорқытады. «бізді ұстағанша, қылмыскерлерді неге ұстамайсыз?» дегенім үшін «15 күнге қамаймын сен қызды» дейді. Қазақ қызын тектен текке жылатқанын өзіне ар санаса ғой?! Ақшаны алғаннан кейін ұялмай «проблема болса хабарласыңдар? Осы жақта болам. Тіке өзіме келіңдер» дейді.

Біз түнімен асыр салып айғайлап шулайтындар қатарынан емеспіз..бірақ бір орында отырып өмір сүре алмаймыз ғой. Жұмыстан кеш қайтқан қыздар домофон басса да, көршінің тынышы кетеді. Краннан су ақса да, оның жүйкесі жұқарады..онымен сөйлесудің өзі қорқынышты. Бір беріп сұлатып түсіретін сияқты...әбден басынады ғой...біз квартиранттармыз. Ол да заңсыз екен ғой. Ештеңеге правамыз жоқ.  

Міне, жаңа да қыздар болып интернеттен жаңа көйлек үлгілерін қарап отырғанбыз...әрқайсысына комментарий айтып, кішігірім пікірталас басталып кеткен. Сағат 10:40. Қабырғаны аямай ұрды да, подъезге шығып, есікті бір тепті. Бәріміз қорқып кеттік....