Туылған күніңмен,алтыным!

Сәлем "Массагет" ауылының тұрғындары!Қалдарыңызды  жақсы деп ойлаймын.Бүгінгі "махаббат" күні құтты болсын!Сүйген жандарыңыз бар болса сүйіктілеріңізбен бақытты болыңыздар!Егер жоқ болса,осы жылы кездестірулеріңізге тілектеспін.Ыстық лебізге толы нәзік сезімдеріңіздің арқасында өмірдің мәңгілік бақытына бөленіңіздер.Бүгін-махаббат күні.Махаббат ол-сезімнің иесі. Махаббат деген тек қана жігітке немесе қызға ғана арналмайды.Түрлері көп.Отанға,ата-анаңа,досыңа деген адал махаббат болады.Осы сәтті пайдалана отырып,мен үшін өмірдегі ең қымбат жанға ыстық ықыласыммен достық сезімімді білдіріп,туылған күнімен құттықтағанды жөн көрдім.

Жаным,асыл досым,ардақты сырласым,қымбатты құрбым-Салтанат!Мен сені бүгінгі туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!Арайлап атқан әрбір таңың саған қуаныш пен бақыт сыйласын! Кеше ғана жүгіріп жүрген бала едің,бүгін,міне 18-ге толып,жаңа өмірге аяқ басқалы отырсың.Қадамыңа гүл бітсін,алтыным!Жолыңа кедергі болған кез келген нәрсені ысырып тастайтынсың;қиындыққа бет бұрғанды жақтырмаушы едің;біреу әділетсіздіктің құрбаны болып жатса, барыңды салушы едің;тар құшағыңды кеңейтіп, бәріне көмек қолын созып тұратынсың.Міне,мен сені осындай жанашыр болғаның үшін,кішіпейіл де адамгершілігі мол жан болғандығың үшін ЖАҚСЫ КӨРЕМІН! Батыл да қайсар болғаның үшін жақсы көремін.Шынымды айтсам,мен сенің қайсарлығыңа тәнтімін.Және де осы алған бетіңнен тайынба!Мына жарық дүниеде  менің қасымда болғандығың үшін сені мақтан тұтамын,үлгі алуға тырысамын.Сенің армандарың менің саған тілеген тілектерім болып қалсын.Жұлдызың оңыңнан туып,бақыттың базарында,Алланың назарында бол,жаным!Өмірде мейіздей мейірімді,жаңғақтай жағымды бол!Күлім жүзді жанарыңнан шаттық нұры сезілсін.Аңсаған армандарың мен көздеген мақсаттарыңа жете бер!Ата-анаңның сүйікті қызы,іні-сіңлілеріңнің сүйікті әпкесі,достарыңның сүйікті досы,жарыңның сүйікті жұбы бол!Менің саған тілер тілегім шексіз,шетсіз, тіпті сан жетпес...Менің саған деген сыйым осы болсын және бұдан да жақсыларын күт.Тағы да туылған күніңмен, алтыным!Өмірде ең бақытты жан болуыңа тілесктеспін!!! Шын жүректен: досың Әйгерім.



Бөлісу: