Like-minded.kz: Портфолио

Like-minded.kz: Портфолио
жеке
блог

Сәлем, достар! Лайк-майнд.кз ашылғанына 1 аптаға жақын ғана уақыт болды.

Сайт бағыты ІТ саласына қатысы бар адамдарға арналады. Сонымен қатар, графика, мультимедиа тақырыптары да қосылады.

Бөлімдері:

— Сұрақ-жауап бөлімі (like-minded.kz/www)
— Портфолио бөлімі (like-minded.kz/ads)
— Блог жүргізу бөлімі (like-minded.kz/blogs)

Қазіргі уақытта Сұрақ-жауап және Портфолио бөлімі жұмысын бастады.

Портфолио

Бөлімнің ашылу себебі, ІТ саласындағы еңбектерін, графика/мультимедиалық өнімдерін, оқыту-үйрету өнімдерін сайтқа скриндерін, видеоларын орналастырып жұртқа таныстыра алады. Өз кезегінде, сайт қолынан нақты іс келетін мамандарды табумен қатар, қолданушыларға өзін тегін жарнамалауға мүмкіндік береді.

Толығырақ, сайтқа тіркеліп мүмкіндігін пайдалана аласыздар. Айтар талаптарыңызды міндетті түрде ескеретін боламыз. 

— like-minded.kz сайтының сұрақ жауап бөліміне қазақ тілінің латынша нұсқасы енгізілді. 
Астана қ. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті тарапынан ашылған
alphabet.kz конвертер сайтының 2-ші варианты негізінде латын әріптері қолданылды

Алдағы уақытта атқарылатын негізгі істер:
— Сайт интерфейсін автоматты түрде латиницадан кириллицаға, кириллицадан латиницаға аударатын скрипт әзірлеу;
— Сұрақ-жауап, портфолио, блог бөлімдерінің қолданушыларының қолданушыларын ортақ дерек база арқылы қосу;
— Әрине дизайн мәселесі;
— СЕО оптимизация

Қолданушылар тарапынан ұсыныс/талаптар қабылданып жатыр.

Сіздерге деген құрметпен, like-minded.kz командасы!