Мен ашқан кітап беттері...

Кешегі ыстық ұядан ұшып кеткелі.

Бақытын іздеп тағатсыз көңіл кептері.

Өткеннің сырын жырлайды көркем тілменен,

Мен ашқан кітап беттері...

 

Талпынып тағдыр түңілдігін түрмекке.

Ойымды бөліп үңілдім сырын білмекке.

Бұзау тіс қамшы өрмесі сынды өріліп,

Бір ғасыр жатыр бір бетте...

 

Желтоқсан желі ашқанда бетті сыдырып.

Кірпігім мұздап қарашығым қыдырып.

Бұралаң тағдыр бедері болып бір бетте,

Ақтабан жатыр шұбырып...

 

Ескі парақтар тарихтан қалған тамшылар.

Әр жолдарында ашылмас сырлар бар шығар.

Тат басқан жылдар табылмай кеткен тәбәрік.

Бір бетте қалған қан шығар...

 



Бөлісу: