Алдайсың да, күлесің

Алдайсың да, күлесің
жеке
блог

Анар эстафета берген соң...

«Розыгрышқа» күле алмайтынымды талай жазып та, айтып та жүрмін ғой. Бірақ сәуірдің 1-і күні өтірік алдап, әзіл әрекетке бармасаң, күлкі қайдан шықпақ?! Сондықтан бұл күн – сол өтірік айтып, жұртты алдап, күлкіге қарық болудың орынды уақыты.

Облыстық телеарнада жүргенде сәуірдің бірі күні жұмысқа келіп, «кімді алдасам екен» деп ойладым. «Ешкім алдана қоймас» десем де, түс кезінде Бибігүл деген әріптес апама «бастық шақырып жатыр» дедім, өзім жоғарыға көтеріліп кеттім. Екінші қабатта Жаңагүл әріптесім боянып, эфирге дайындалып жатыр екен. Ол кезде әлі етене сөйлеспейтін де кезім. Бірақ бірер күн бұрын жұмыста Асылбек деген күйеуімен таныстырғанын білемін. Сөйтіп, оған «Асылбек келіп тұр төменде» деп шығып кеттім.

Өзім ұмытып кеткен екенмін, бір кезде Бибігүл мен Жаңагүл «жаның шықсын, Ботик» деп келе жатқанда өз әзілімнен шошып кеткенім бар.)))

Бала кезде талай алдаулар болды ғой, оның қайсыбірін еске алып отырайын.)))

Әңгіменің кезегі – Сәния Ариновскаяда.