"Сонда агентте блогқа жаза беретін сендер ма?"))))
жеке
блог

"Сонда агентте блогқа жаза беретін сендер ма?"))))

Сәлем, халайық! Амансыздар ма? Сіздерді сағындым. Рас айтам.

Бүгін бір бейресми түрде Блог Құрылтайдың суреттерін жариялағым келіп тұр ше. Рұқсат болса?

Мика екеуміз 21-не түнде Шымкент қаласына қарай жол тарттық. Түске жақын қалаға келіп түстік. Мика таксиде отырып Шымкентті Оралға ұқсатты. Сосын Алматыға ұқсатты. Тек қазақ тілінде қызмет көрсеткен такси шопырына, қонақ үй қызметкеріне ырзаааа болды. Кешке Блог Құрылтайдың бейресми отырысы болатын болғасын, ауылға ұшыыыыыып барып келдім. Қайтарда суретке түсіп мәәәәз болдым. А? Сурет па? Міне))

Ооооппа))


Содан соң 19.00-де басталуы керек "Мизам" кафесіндегі бейресми отырысқа кешігіп келдім. Келсем, ұзыыыыын дастархан басына блогшылар жайғасып алыпты. Біразын онша танымаймын. Отырғаннан танысу басталды. Массагеттегі Жанның саясы мен Нұрзиямен таныстым.

Содан соң Ербол Серікбаймен. Арғы жақтан бір жігіт "Ақерке, сәлем" дейді. Сөйтсем өзіміздің Абзал Сариев екен ғой. Опшым, суретке түсу ғо мұнда да.


Сосын мен қаладағы барлық бөлелерімді жинап алып Бөле Құрылтай өткіздім))) Ертесіне ОҚМУ-ға келдік.  Жақсы өтті. Кешке дейін дәріс тыңдап, блогшылармен танысып үлгердік. Суретсіз және болмайды.


Қара сақал мен Қыпшақ қызы

Кофе мен анау-мынау

Путболкы мен қойын дәптер

Мика массагетті тауып алды хы, хы)

Абзал бізді суретке түсіріп жатқан ғой (Ләззат апайға "инстаграмға былай сурет салады" деп түсіндіріп жатқан сияқты көрініп қалыпты, иә?)

Абзал бізді ары-бері тасу үшін досына зыбандаватр)) 

Массагеттіктер түсіп алайықшы деватрқ)

Ұйымдастырушылардың бірі Ілияс аға менің туыс ағамның туған сыныптасы болып шықты

Ясин ағамыз бөлініп жүрдіңдер дейді. Бөлінгеніміз жоқ, жәәәй ғой

Жуу керек))

Сосын "Бәшешекке" жол тарттық

Мика мен Нұрзия

Асқар мен Амангелді дуэт болып автобустағылардың көңілін аулады

Мына кеш қызық өтті. Алау сөнбесе екен деп отырдық.

Осы жолдарды бірақ тоздырдық)

Спорттық ойындарға бара жатырмыз

Тауға шығып барамыз

Топты "Сен қазақ" сайтының жетекшісі Ақытбек аға бастап, "Нақыл.кз" сайтының жетекшісі Нұрлан Жанай аяқтап келеді

Мен осы шыңды блоггер қыздардан алғаш болып бағындырдым. Бұл да бір жеңіс шығар

Шыңды бірге бағындырдық. Біразымен сонда таныстық.

уууу, қатып қалдым

Ужыыыыс, біраз шығып қойыппыз ғой

Массагеттік Данияр Сәкеновтың арқасында шықтым деуге болады тауға. Ол көмектеспесе, жарты жолдан қалып кетер едім.

Қайттық. "Аш болсаң, өзіңе ұқсамайсың" деп)

Массагеттік Нұрзия "Ұйқы ашар" жасап телефон ұтып алды.

Сооол, сомен қайттық қой. Негізі күшті болды. "Ааа, анау сен емес пе?" "Кім деген сен ба сонда?" деп жүріп біраз блогшылармен танысып қайттық. Домбыра патиде Дәл қасымызда олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров отырған. Әңгімеден жібердік. Айтады: "Сонда агентте блогқа жаза беретін сендер ма?" деп))))

 

Суреттердің бір-екеуі ғана жан-жақтан алынды