Бәріне аяз кінәлі!

Бәріне аяз кінәлі!
жеке
блог

Таңертеңгі аяз түс ауа сына бастады. Соның өзінде термометр -28  көрсетіп тұр.Оған Ақтөбенің жынды желі қосылып, жағдайды тіпті қиындатып жіберді.Көшеде бейсауыт жүрген бір адам  жоқ. Жылы  жерде жан сауғалап, аязды сыбап отырғандар көп те шығар?

Айтпақшы, сақылдаған сары аязды пайда көзіне айналдырып жатқандар да бар. Көрші поъездегі Қуаныш есімді жігіт  бір жұмадан бері ерте тұрып,  оталмай жатқан транспорт түрлерін жеке машинасымен  сүйрейді. "Мерседесі" бар, "Ниссаны" бар, "Тойотасы", т.б. бар бәрінің күні  Қуекеңнің   ескі "Маздасына" қарап қалды. Қуаныштың ставкасы  500  теңге. Мысалы, бүгін түске дейін өзінің айтуынша,  3 мың теңге тауыпты. "Мен түнімен 2-3 сағат сайын оянып, көлігімді қыздырып қоямын"  дейді Қуаныш  кеудесін кере сөйлеп. "Сендер де  сөйткенде 500  теңгелерің  қалталарыңда қалатын еді."  Ұйқыларын аша алмай тұрған жұрт  оған   жауап қатқан жоқ. Мұндайда не дейсің? Жарайсың, Қуаныш!

Соңғы бір жұмада Ақтөбенің таксистері де жол ақысын  қымбаттатып жіберді. Автобустардың қозғалыс  кестесінде  де өзгеріс көп.  Бәріне аяз кінәлі!