"Сағындым сені" еске алу ән кеші

"Сағындым сені" еске алу ән кеші
жеке
блог

Көздері тірісінде-ақ күллі алаш жұртына есімі жайылып, "Айтыстың ақтаңгері" аттанған Оразалы Досбосынов жол апатында қаза тапқанда қалың қазақ қара жамылған еді. "Құлмамбеттің құлынымын" деп талайды оқты сөздермен жыға білген Ораздың жырына сусындамаған ел кемде кем. Ал оның жары Ажар Түзелбекқызын жұртшылық оны әнші емес, әуелі айтыскердің жары ретінде таныған-ды. Ораздың қазасынан кейін шаңырақтың шырағын сөндірмеген Ажар қызы Нұрайша мен ұлы Нұрсұлтанды өсіріп, ел қатарына қосуды мақсат тұтқан еді. Алайда, сұм ажал Ажарды да алып кетті арамыздан. Көпшілікке "Сағындым сені", "Анаға сәлем" деген әндерімен танылған Ажар да араға жеті жыл салып автокөлік апатына түсіп, табан асты жантәсілім еткен еді. 

Қазақ халқы аяулыларын ешуақытта естен шығарған емес. Ел жадында Орақ тілді Ораздың жыры, әсем дауысты ажардың әндері қалды. Аққан жұлдыздарды еске алу кеші өткен жылдың мамыр айында өткен болатын. Бұл кешке халық көп жиналды.

Ертең СТВ арнасынан сағат 21:00-де болатын "Сағындым сені" атты Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызын еске алу кешінің телевизиялық нұсқасын тамашалаңыздар!