Арнамыздан алыстамаңыз!

Арнамыздан алыстамаңыз!
жеке
блог

Сәлем, достар!

Күн мен түн теңеліп, күн шуағын шашатын Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Наурыз мерекесі баршамызға үлкен қуаныштар мен игі өзгерістер алып келсін!

Жыл басы саналатын Наурыз "СТВ" арнасына да біраз өзгерістер алып келді. Атап айтсақ, бүгіннен бастап "СТВ" арнасының логотипі өзгертілді. Жаңа логотиптің түсі тәулік уақытына қарай өзгертіліп отырады. Логотип көзге үйреншікті болған көгілдір экранның сол жағында емес, оң жағында болады. Жаңа логотиппен бірге жарнама, ауа-райы, аңдатпалардың да келбіті өзгерді.

Сондай-ақ, келесі аптадан бастап қазақ тіліндегі жаңалықтар топтамасының уақыты өзгереді. Яғни 26 наурызда "Тәулік тынысы" эфирге кешкі сағат 21:00-де жарыққа шығатын болады.

Алдағы мерекелік демалыс күндері арнамыздан қазақ эстрадасының өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаларды көре аласыздар.

Арнамыздан алыстамаңыздар!