Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ғибраттан ала отырыңыздар

Ғибраттан ала отырыңыздар

Ғибраттан ала отырыңыздар

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында аяз күшейіп тұр дәл қазір. Осы аяздар есіме бір ғибратты әңгімені түсіріп тұрғаны. Бір торғай қатты аяз күні әрі қарай ұшуға шамасы келмей жерге(қарға) құлап түсіпті. Қардың ызғарына аяз қосылғанда оның өмірін әрі қарай жалғастыруы еш мүмкін емес еді. Сол маңайдан өтіп бара жатқан бір сиыр торғайдың дәл үстіне жапалатып кетіпті. Ыстық жапаның әсерінен торғайдың денесіне жылу тарап, өмірі сәл де болсын ұзарыпты. Бірақ, торғайдың дегені емес Алланың дегені болады емес пе? Сиыр өткен жерден мысыққа неге өтпеске?! Өтіп бара жатқан мысық жапа арасында отырған торғайды көріп, оны шығарып алыпты. Шығарғанда қайбір жаны ашыды дейсіз, жеп қойыпты сосын.

Бұдан туар қорытынды: Сені боққа тастап кеткеннің бәрі жау емес, боқтан шығарып алғанның бәрі дос емес.

суретке сілтеме 

11
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 02 ақпан 2012, 09:33
Тегтер: торғай, аяз, сиыр, жапа, мысық
Пікірлер
+0
02 ақпан 2012, 09:48

Осы тұрғыда біздің адамдардың жерге бөлініп, елге бөлініп жатуы туралы сөз қозғағым келіп тұр. Мысалы, біз көбіне жерлестерімізді айшықтап, жақын тартамыз. Жалпы алып қарасақ, кейде сол жерлестерің сені қажет етпей кетуі де мүмкін. Қиын сәттерде сенің жеріңе де, руыңа да қатысы жоқ бір адамдар қол ұшын созуы мүмкін. Адамның адамдармен қарым-қатынасы ешқандай жерлес, ел-руға негізделмейді екен. Тек адамдық қасиеттерге ғана.

+0
02 ақпан 2012, 09:52

Сізбен келіспеу мүмкін емес

+0
02 ақпан 2012, 10:22

Сенімен толық келісемін

+0
02 ақпан 2012, 10:10

"Сені боққа тастап кеткеннің бәрі жау емес.." Бұл жерде "боқ" "тығырық" мағынасында қолданылса, мені тығырыққа тастап кеткен адам маған қалайша дос болады? Сондықтан, бірінші тармақты қолдамас едім. Ал қорытындының екінші тармағымен келісуге болады.

+0
02 ақпан 2012, 10:21

бұл енді жай мысал ғой, ғибрат үшін айтылған

+0
02 ақпан 2012, 16:56

Ғибратты әңгіме әдемі. Мейіргүлдің пікіріне қосылам. Екінші тармағына келісуге болады. Бірінші тармақты ойлану керек. Келіссем бе екен, келіспесем бе екен?! )) (ойланып тұрған смайлик)

+0
02 ақпан 2012, 10:34

тығырық сіз үшін ең тиімді жол болар ол сәт үшін, сол үшін қанша қиын болсада сабырлық танытып, таубә айта білген жөн. сонда Жаратушы қас емес, қол ұшын береін дос жіберер...

+0
02 ақпан 2012, 17:20

Кейде өзің байқамай, алдына-ала ойламай, мүлдем танымайтын біреуге көмегің тиюі мүмкін. Оны сәйкес сәттілік деуге де болатын шығар. Сондықтан мысалдағы сиыр торғайға до та емес, қас та емес, торғаймен ешқандай жұмысы жоқ, өз жөнімен кетіп бара жатқан біреу. Ал мысық, өз құлқынын ғана ойлайтын дұшпан. Ол торғайға тиіспей, жылы жападан шығарып, қайтадан қарға отырғызып кетсе де, бәрібір өлер еді. Бірақ ол кезде мысық дұшпан емес, ақымақ дос болар еді, өйткені "артық қылам деп, тыртық қылып кетті!".

+0
02 ақпан 2012, 17:20

дос та емес, қас та емес

+0
02 ақпан 2012, 17:23

Иә, иә іііі сондай ғой! Назерке жақсы түсіндіріп берді ше. Назерке ханым РЕСПЕКТ сізге! ))

+0
02 ақпан 2012, 20:35

Иа иа басымнан откен, досым деп журген адамын нагыз кас душпаным болып шыкты, бул омирде душпанын касыннан шыгуы абзал емес. Сактаганды кудай да сактайды демекши...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.