Асық: Арманым өткенге оралу

Асық: Арманым өткенге оралу
жеке
блог

Айтыңыздаршы, саябақтар мен ойын-сауықтыру орталықтарында түрлі аттракциондарды көріп жүрсіздер ғой. Солардың арасында ұлттық ойындар бар ма? Ханшатырға не Мегаорталыққа барып асық ойнап, бес таспен ептілігін шыңдап, рахаттанып, демалып жүрген балдарды көзіңіз шалды ма? Ата-ана: "Балам, жүр "пәлен" деген жерге барып асық ойнап қайтайық деген сөздерді неге айтпай жүр? ойнайтын жер жоқ қой өйткені.  Айтқанның аузы, жылағанның көзі жаман. Сіздерді қайдам, өз басым ұлттық ойынға қатты жаным ашиды. Бейшара болдық та қалдық. Асықтан обал. Кейде данагөйсіп жастарды жамандап жатамыз. Солар кінәлі деп. Шындығына келсек, қазір асық жинайтын ата-әже мен ата-ана да азайды ғой. Өз жерімізде өз ұлтымыздың өнерін, ойынын насихаттай алмағанымыз ұят емес пе? Жеке куәлігіміздің артындағы "ҚАЗАҚ" деген жазумен ғана қазақтығымыз шектелгені арға сын. Компьютер ойындары ойналатын ойынханалар өте көп қалалар мен ауылдарда. Бәлкім асық ойнайтын ойынхана ашуымыз керек шығар? Бірігейік, ағайын!