Құрбымды сағындым..

Құрбымды сағындым..
жеке
блог

      Мумкін, сол күні үйіне бармағанда сенімен ренжісіп қалмаған болар ма едім.. Кім білсін? Өз сөздерімді  дұрыс жеткізе алмаған үшін айыптымын.Білемін мені кешірмейсін. Бірақ, қайда жүрсемде сенімен бірге өткізген күндерім, маған дәмді тамақтар істеп беріп, бірге жынды болатын, бірге күлетін, таңға дейін ұйықтамай әңгіме дүкен құратынымыз есіме түсіріп,өмірде өзімізді ең әдемі қыздармыз біз екенімізді айтып айнаға қарап билейтініміз. Демалыс күндері бірге дүкен аралап, сенсіз бір зат алсам маған ренжіп қалатыныңды бәрін - бәрін сағындым..... Ешкім сендей бола алмайды, әрдайым менің әпкем секілді қалың киініп жүр немесе бүгінгі көңіл-күйің ұнамай тұр маған деп, бірге серуендеп қайтатын едік. Бір жетім қозыдай қалған сияқтымын. Орнын тым бөлек мен үшін, кешірші мені...