XXI ғасырдағы ертегі...

 

Бала кезімізде көбіміз ертегі тыңдап өскен болармыз. Мысалы, қазақ халық ертегілері: «Ертөстік», «Алтын сақа», "Күн астындағы Күнекей қыз" т.б. Сонымен қатар, Антуан де Сент – Экзюпери «Маленький принц», Гримм ағайындыларының ертегілері: «Бременские музыканты», «Рапунцель», «Разбойник и его сыновья» және «ЗОЛУШКА» т.б. 

Қыз балалардың ең сүйікті ертегілерінің бірі «Золушка» десек қателеспеспіз. Әрбір қыз кішкентай кезінде ханшайымға айналып, ақ бал көйлегін киіп, балға барып, сонда өзінің ақ тұлпарға мінген ханзадасын кездестіріп, онымен билегенді армандаған болар...

«Бұл тек ертегіде ғана» деп ойлауымыз мүмкін... Алайда, олай деуге асықпаңыздар. Себебі, XXI ғасырда өмір сүрсек те, әлі де ертегі әлеміне еніп, өзімізді ханшайым сезіне аламыз. Сөзіме дәлел  - 14 ақпанда болатын IV Қайырымдылық Балы.

Мұндай үлкен іс шараны ұйымдастырып отырған Eventica компаниясы. Оның ұйымдастырушылары: Марат Омаров  пен Анастасия Лотоцкая. Айта кетерлік, бұл балды 2006 жылы алғаш рет Орта Азияға алып келген дәл осы компания болатын.

Бүгін Алматы қаласы Royal Tulip қонақ үйінде осы балға қатысты пресс – конференция өтті. Мен де осы конференцияға Айжан kerbez екеуміз барып, ұйымдастырушылардың презентациясын  тамашалап қайттық. Конференция аяталған соң, бәрімізді толғандыратын сұрақты балдың PR менеджеріне қойдым. 

Жанның Саясы:

-   - Дэвид Рэндалл айтпақшы: «ең жақсы сұрақ – ең қарапайым сұрақ...» (күлдім). Бұл балдың артықшылығы неде? Жастарға қандай пайдасы бар?

Эльнора Розмухамедова:

-  - Бұл бал жастарды өнерді сүйюге үйретеді. Биге, әнге,  жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Бұл балдың басты артықшылығы да сонда – өнерді сүю, оны құрметтеу және бағалау!

    Эльнора ханымның сөзінің жаны бар, мен онымен келісемін. Себебі, бұл балда әскери оркестр өнер көрсетеді. Ал кештің дирижері әлемге әйгілі  - Ваг Папян болмақ. Сонымен қатар, Нұрғиса Тілендиевтің немересі Динара Тілендиева да осы кештің дирижері болады. Әлемге әйгілі Лара Фабиан, Украинадан – Арина Домски, Ресейден – Рика Ханссен де өз өнерлерін көрсетеді.


Негізі биыл балдың жаңалықтары көп, ол туралы келесі жазбамда айтып кетемін. Ал әзірше Марат Омаровқа қойған сұрағыма тоқталсам. 

Жанның Саясы:

-    - Марат мырза, бұл балдың Қазақстанда өтіп жатқаны әрине қуантады. Алайда, неге қазақ тілінде емес?

Марат Омаров:

-     - Егер мен қазір қазақ тілінде сөйлесем аудиторияның тең жартысы мені түсінбес еді. Оған қоса бұл пресс - конференцияның бас спикері мен. Ал мен қазақ тілін жетік білмеймін, бірақ үйрену үстіндемін. Болашақта бұл мәселені шешеміз деген үміттемін (ұялғандай болды). 

Жанның Саясы:

-      - Бұл мәселе қашан шешілмек?

Марат Омаров:

-       - Қай кезде халық қаласа, сол кезде.

          Жанның Саясы:

-       - 2020 жылға дейін бұл мәселе шешілетін болар? (күлдім)

    Марат Омаров:    

-      - Әрине, ол кезге дейін біз шешерміз! Бірақ одан да ерте шешілсе мен қуанышты боламын!  – деп жымиды.

Марат мырза өз сөзін әдеттегідей: «Я влюблен в этот бал!» деп аяқтады. Мен де дәл соны айтамын: мен де ғашықпын бұл балға!!!!

Егер  мына видеоны көрсеңіздер,  сіздер де ғашық болып қалуларыңыз мүмкін: https://yvision.kz/post/222444 

P.S. Әрине, балдың қазақ тілінде болмағаны қазақ аудиториясын біраз мұңайтады. Бірақ балдың қаншалықты қызықты екенін ойласаң жаның жылып қалады. Пресс - конференция өте қызықты өтті. Марат мырза өте жақсы оратор екен, бәріміз үйіп тыңдадық. Сонымен қатар, бұл балдың қайырымдылық шаралары да бар. Ал ол жайлы келесі жазбамда жазармын, жаңалықтарына да сол кезде тоқталамын. Басқа да мен айтпаған қызықтар жайлы Айжаннан оқыңыздар!)))

Суретте - Марат Омаров және мен!



Бөлісу: