Гүл орнына сыйлаған сыйы осы! Баршасына  арнайды - Замира досы
жеке
блог

Гүл орнына сыйлаған сыйы осы! Баршасына арнайды - Замира досы

Басқандай боп аяғым соңғы қарды

Келмей бірақ аяғым, жолды басты

Түнгі Алматы, жылы жел, ызғар бар-ды

Құттықтау керек  анам, гүл-қыздарды

8-і наурызыңның жақын қалды

 

Сансыз көп аспандағы жұлдыздардай

Сыйлық алу әрбіріне шамам қайда-айJ

Көңіл шіркін дархан ғой құттықтамай

Тұра алам ба, айдай әсем құрбылар-ай!

Гүлжан 

Құттықтайын ең бірінші жан досымды

Келгеннен-ақ тілегіміз бір қосылды

Гүлжан Серік – аппақ айдай әрі ақылды

Әлия, Мәншүктердей бұл батырдыJ

Құттықтаймын! Журналист бол, сөзі өтімді!

Ұлжан 

Абайдай ұл әкелгін ару – Ұлжан

Салмақты, салиқалы бітім-тұлғаң

Ата-анаң екі әпкеңнің тұтқасысың

Мақтансын, сендей қызбен сол отбасың!

 Әсемгүл

Әсемгүл – күлкің сәби қытықтайды

Әуелден жібек шашың бізге ұнайдыJ

Маманы бол өз ісіңнің ұшқыр ойлы

Сүйікті бол, ана бол, үйге жайлы!

Аяулым 

Шолпысы сыңғырлаған Аяулым-ай

Сыңғыры тоқтамасын күлкің ұдай,

Қызы болған әжесінің ерке-тотайJ

Ер-жігіт ғашық болсын саған құлай!

 Айдана

Қылықты Айдана қыз мың бұралған

Қызықтаймыз жүзіңді мың құбылғанJ

Бірде күндей боласың жарқыраған

Айнымағын әрдайым бұл қалпыңнан,

Ойнап-күліп, сыласайық  - дүние жалған!

 Қыздар, тек 8 наурызда ғана емес, бұл сендерге қашанда айтылар өмірлік – ізгі тілек. Жоғарыда аты аталмаған журналистика факультетінің аруларын тізуге бет жетпес, олардың әрбіріне - бақыт, шаттық пен махаббат бұйырсын!!!