Қызғанайын десем қызғана алмаймын.

Қызғанайын десем қызғана алмаймын.
жеке
блог

      Алматыға келгенде сені көрген ең алғашқы әсерім, әлі көз алдымнан кетер емес. Сезімнің ұшаң теңіз толқындарын тербетіп, жүрегіме бірден оймақтай орын алып еніп те кеттің. Сырымның сұрықсыз парақтарын беттеп, қызыққа толы дәуренімнің де басталуының қайнар көзі бола білдің. Саған мен ғана ғашық емес, көрген жанның барі тамсанып таңырқап та өтіп жатады. Есіміңнің өзінде өзгелерге естілгенде, елтіп әкететін бір ыстық махаббаттың лебі есіп өтеді. Бұл есім ҚазҰУ.

    ҚазҰУ білімнің қайнар көзі, менің студенттік өмірімнің айшықты бейнесі. Жастардың болашаққа деген сенімінің бір құпиясы. Сенде қаншама студент оқыса, соншама пенденің сезімінің сарайындағы төрінен орын алатын бір есім. Ал саған сырттай тамсанып, түскісі келіп түсе алмай, болмаса есіміңді естіп қызғанышпен қызыға қарайтындар саны қаншама. 

   Менің сендегі студенттік күндерімнің де, тасулар уақыты да, күн өте таяп та келеді. Сенің маған берген білімің, тек қана кітаптан емес, өмірден де сабағын үйретті. 

  Естігенімде сені болашақта жаңаша өзгерістерге үшыратамыз деп жоспар да қойылған екен. Тағы да соғылатын медициналық корпусың, 1500 адамға арналған жатақханаң, бұлшық етке пайдалы бассейн залын салу, Ректораттың және де ескі корпустардың сыртын жаңалау алдағы жылдардағы дайындалып жасалған жоспарлары екен. Ол кезде сен мүлдем өзгерерсің, тамсануын басалмағандар бағын сынауға барынша тырысады, оқуға түскен студенттерің қуанышы бетіне шығып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіген қыз-жігіттер, дос болып төс те қағысады. Бірақ ол кезде мен сенен бөлектеп шығам. Берген дипломыңды алып Алланың тепкен төріне басымды алып кете де барам. Бірақ сен менің жүрегімде мәңгі орын аласың. Бұл есім ҚазҰУ.