8-наурыз мен үшін мереке емес!

8-наурыз мен үшін мереке емес!
жеке
блог

сурет http://colnyshko.ru/?image=4536/ мына сайттан алдынды

 

Бұл күнді мерекелердің патшаймы, өмірдің ханшайымдарының күні деп есептеймін. Данышпанды да дараны, асылды да батырды да дүниеге әкелген аналарымыздың қуанышына бөлейтін әсем күнді жай ғана мереке емес патшайымдар күні дер едім. Әрбір ана өз баласы үшін патшайымен тең емес пе. Сондықтан да мен асыл анамның мерекесі, қаракөз қарындасымның көз қуанышы мен үшін мереке емес патшайымдар мен ханшайымдар күні.  

Үйдегі асыл анамды, артымнан ерген жалғыз қарындасымды шын жүректен құттықтай отырып ана алдындағы балалық борышымды, қарындасымның алдындағы ағалық борышымды өтесем екен деймін. Мен үшін осы бір қымбат жандардың езуіне үйіріліп келген аз ғана күлкі әлемнің барша байлығынан да қымбат. Өмірімнің қаққан қазығындай серпілмес сенімді тіреуім, арқа сүйеп мақтанарым, бұзылмас қамалды бұзуға демеу беретін ардақты жандар сендерсіңдер!

Ал енді жасалу тәсілін ешкім білмейтін өте-өте тәп-тәтті балмұздақтай, қарасаң көзің тоймайтын сұп-сұлу сүйкімді аруларымызбен аналарымызды мерекелерімен шын ықыласпен құттықтаймын. Массагеттің аққуларын айдын көлінде қанаты талмай, шығармашылықтың аспанында самғай берсін. Массагеттің сәнін беріп жүрген әсем гүлдеріміз құлпырып жайнап жүре бергей. Менің асыл сыныптастарым, группаластарым қатарластарым қысқасы қарлығаштарым қос қанатың талмай әрбірің өз аспаныңда самғап, өз мамандықтарыңнын жемісін көріп, бір отбасының анасы, болашақтың тірегі, бір-бір сәбидің жүрегі болып ана-махаббатына бөленулеріңе тілектеспін.