Жаза алады екем деп

Жаза алады екем деп
жеке
блог

   "Массагетке" тіркелгеніме жарты ай, кіріп жүргеніме 1 адан асып қалды. Жақсы жазып жатыр дей алмамын, бірақ шүкір әйтеуір жазуға шамалары келіп жатыр. Жазу стилдері жақсы-ақ, қысқа-нұсқа қазіргілерге осылай жазған дұрыс сияқты. Интернетке ұзын-сонар қылып жаза берген жараспайды әрі оқылмайды. Газет болса бір жөн. Жаза алады екем деп...

   Енді осы "Массагетте" болг бар екен сенбесеңіз ашып көріңіз! Кім көрінгеннің бәрі осы жерде. Әйтеуір блог бар екен, жаза берейік, жұрт оқыса да оқымаса да бәрі-бір жазсам болды екен дейтіндер де жоқ емес. Біреу ергіп ашсса, енді біреу зерігіп ашты деген дейғой. Осындағылардың бір шамасы журфактың студенттері, көбі блогты мұғалім аш деген соң ашты. Жазба сал деген соң жазба салды. Өз екркімен ашқандар санаулы ғана. Ақыры блог ашқан екенсің жөні түзу жазба салсаң болады ғой. Қайдағы жоқ шәй ішкеніңді, бардым-келдім, жұрттың бәрі білетін нәрселерді мынау зиянды мынау пайдалы деп қыртудың кімге керегі бар? Жаза алады екем деп...

Енді не істейік деп отырған шығарсыздар, ә? Бірдеңе істеу керек. Тағы айтайын өтірік бірдеңелерді қырта бергенше өзгеше жазып, өзгеше ойлап көрейікші? Әйтпесе Блог құрдымға кетіп жатыр.  Менің соңымнан еріп сатирик Мұхтар Шерім ағамды еріп келді. Осы үлкен кісілердің алдына жер болмайық. Сосын барынша әдеби жазайықшы, маған назар аудармаңыздар мен мысал келтіріп жатырмын. Қане еді бір өзге ше жазып көріңдерші? Әйтпесе, жаза алады екем деп жаза бермей!!"