Таңғажайып күтесіз бе?

Таңғажайып күтесіз бе?
жеке
блог

Таңғажайып десе бір түрлі бала күніме сапар шегем. Себебі, сол тәтті бала күнімде небір түрлі таңғажайыптарды күтетінмін. Қар жауып жаңа жылға жақындаған кезде таңғажайыптар басталады деп асыға кереметті күтетінмін. Бірақ, бала болып маған ойыншық не ананы- мынаны берші деп тілемейтінмін. Бір арманым бар еді, әкеме қатысты... Әлі күнге сол арманды тілеп келем :). Орындалмады деп айта алмаймын, тек ол жыл сайын, күн сайын уақыт сайын тілейтін арман екен...

Айтпағым ол емес еді :). Осы жыл басталғалы жаңа жыл таңғажайыптары туралы біраз кино көрдім. "Елки 2", "Мой парень- Ангел", "Старый" новый год" бәрінің сюжеті ұқсас. Адамдарға өкінбестей өмір сүруді үйретеді. Ойыңа қойған ісің бар ма соны орында, болғанға өкінбей алға ұмтыла бер, ұмтылыспен бірге таңғажайыпқа сен дейді. былай қарасаң өмір сол жаңа жыл түнімен бітіп кететіндей :). Әйтеуір жанталас, ұмтылыс :). 

Осындай киноларды көргенде таңғажайыптар шынымен біздің өмірімізде бола ма екен деген ой келеді.

Айтыңыздаршы, жаңа жыл түнінде сондай таңғажайыптар болды ма сіздерде?