Бір үзік сыр

Бір үзік сыр
жеке
блог

Алматыдағы студенттік сәттер еді. Жаз мезгілі болатын. Күндердің сұлтаны жұма күні алтын күмбезді орталық мешітке бағыт алдым. Жаздың аптап күндері, мешіт маңындағы майсаға маңдай   тигізу бір бөлек рахат. ДЖамағат болып парызымды өтедік. Мен ертерек шығып,қақпа тұсында Ерболды күтіп тұрған болатынмын. Бір жас жеткіншек нәзік үнімен  "қабыл болсын ағатайлап" алақаның жайып, намаздан қайтқан жамағаттан тиын сұрап тұр екен. Сол бейкүнәнің артында тұрып, ойға шомдым. Ойын ойнап, алаңсыз жүрер уақытта бұл балапан неге бұлай жүр екен дедім. Мүмкін шынымен тұрмыс қыспағы бар шығар, бәлкім анасы жұр жүрегін жұмсарту үшін құрла ретінде пайдаланады ма оны білмедім. Білгенім жанарыма жас ұялап,кеудемді кернеген сұрақпен мешіттен үйге қарай бет алдым. Неге балалар бақыттың бал дәмін татып ойнамайды, еш нәрседен хабарсыз жас ұрпаққа қиянат жасап жүрген жоқпыз ба? Баланы сұратқан ана,жылатқан әке.Осыған бейжай қарайтын қоғам кінәлі. Тасбауыр болып талай жетімдер шетел асты түк демедік. Ойын сауыққа,нәпсінің нәпақасына аямай ақша жұмсағанда шеберміз. Ақыл иелері неге осыған ой қозғамайды. Пайғамбарымыз Салла Аллаһу ғалейһи уссәлләм "жетімге қамқор пана болғандар, жәннәттә  менімен болады"-деп айтқан. Араққа жүз тенгеден астам ақша шығарып у ішкенше, бір күнге нәр боларлық нанды неге балаларға бермейміз. Ауыз көпіртіп айтқанда данамыз, іске келгенде әттеген ай деп қаламыз. Әрбір тиын үшін сұрау бар. Егер балалардың бақыты үшін, тыныштығын ойласаныз ол садақа емес пе?Сондықтан алдағы ауыр күндерден бейхабар жас ұрпаққа бала сияқты ойнап күліп қалуға рұқсат етініздер.Осыған ойлылар не дейді ?