Құралай қыз

Құралай қыз
жеке
блог



Құралай қыз…жүректі бұлқындырған,

Кеудемде тұрып алды сылқым бір ән.

Көздеріңде тұр ма әлде күн қонақтап,

Тұрады шаттық пенен күлкің Нұрдан


Ерніңді маған емес желге өпкізіп,

Өтесің жүрегімді селт еткізіп.

Жаныңа жалт бұрылып қарасаңшы

Шашыңды самал желге желп еткізіп…


Құралай қыз…айналған ізгі өлеңге

Жүрегіңіз не дейді біз дегенде?

Жанымның жапырағы сен деп көктеп,

Өзің деп үзіледі күз келгенде.