Массагет бізде қонақта

Массагет бізде қонақта
жеке
блог

масагеттіктер

Массагеттіктерге күнде қонаққа келіп тұрушы едік (блог әлеміндегі қонақтау), енді массагеттіктер бізге келді қонаққа. Өзіміз шақырған соң, әрине. ҚазҰУ-дың болашақ  журналистер қауымы мен оқытушы Айгерім Алимжанованың ұйымдастыруымен өткен кездесу, біздіңше жап-жақсы өтті. Ең бастысы, қысылу болмады, барлығы емін-еркін, тура вертуалды әлемдегідей. Массагеттегі блогерлердің шын бейнесін көру, олардың блог әлімі жайлы пікірлерін білу біз үшін қызық болса, оларға өсіп келе жатқан жас журналистердің ой-өрісін бағамдау жақсы болған шығар деген үміттеміз. 

Еркебұлан

Жеке басым үшін бүгінгі күннің кездесуінде Еркебұлан мырзаның әншілік өнерін көру, жаңалық болды десем де болады. Дауысы жақсы екен. 

кездесу

Кездесудегі қатарластарымның әзіл-қалжыңы мен белсенділіктері қуантты біраз. Үш жыл бойына жанымызда оқыған Амангелдінің арманы таудай екенін байқап қалдық. Массагеттіктерге, жоқ баршамызға арнап жасаған жобасы қатты ұнады. Ал, оның домбырамен өлең айтқанынан жақсы әсер алдым, өз басым. 

Сондықтан, кездесу позитивті көзқарас сыйлады. Болашақта, қонақтарымыз тағы да келіп тұрар деген ниеттеміз.

                                                                                                                                          Гүлжан Серік