Димаш Құдайбергенов

Димаш Құдайбергенов
жеке
блог

Астана қаласында өткен жас әншілердің «Жас қанат-2012» XXI республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды.
«Жас қанат-2012» жас орындаушылар байқауы мамырдың 18-20 күндері өтті. Алтын қанатты Ақтөбе қаласынан Димаш Құдайбергенов иеленді.

Димаш Құдайбергенов 

Димашты Ақтөбеліктер жақсы біледі.  Белгілі әншілер Қанат пен Света Айтбаевтардың баласы болғандығынан емес, жақсы әнші болғандығынан. Талай байқауда топ жарып жүрген жас әншінің болашағынан үлкен үміт күтеміз. 

Димаш Құдайбергенов 

Димаш Құдайберген «Шығыс базары» халықаралық байқауында топ жарды. Ол қыркүйектің 6-ы мен 10-ы аралығында Украинаның Ялта қаласында өткен доданың жүлделі 1-орынын қанжығаға байлап қайтты. Украина мен Түркия мәдениет министрліктерінің ұйымдастыруымен болған байқаудың деңгейі, кәрі құрлықта «Евровидениеден» кейін екінші орында тұр. Мұндай үлкен шараға алғаш рет қатысып тұрған жерлесіміз «Өмір көктем», «Дайдидау» әндерімен қазылар алқысын таңдай қақтырған. Айта кетейік, дүбірлі додаға 30-ға жуық мемлекеттен келген әншілер бақ сынаған. 

 Алдағы уақытта Димашқа жеңістерің көп болғай деген тілек айтамыз.