Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Көңілдестің" рөлі

"Көңілдестің" рөлі

(Құрбымның осы әңгімесі мені қатты толғандырып еді)

Ол кетіп барады...

         Жанымды жағымсыз жайларға толтырып,  бойымды көңілсіз күйге салып, ақылымды  ғұмырлық тоқтатып, тәнімді тітіркендіріп, санамды сансыз сауалдарға қалдырып, өкінішімді үдетіп, қайғымды арттырып...кетіп барады.

Екеуміз кездескен арман қала Алматының жастар саябағы, дәл бүгін көңілсіздік сарайына айналғандай. Бейне бір, осы күні таң атып, күн шықпағандай, бүкіл тіршілік ұйқысынан әлі оянбаған сияқты көрінді маған. Солай да болар, кім білсін. Дегенмен, бүгін күн жексенбі ғой.

Артыңа соңғы рет қарадың...                      

Бұл қылығыңды қалай ұқсам екен? Менің,  мына бір қарғыс атқыр жерден әлі кетіп  қалмағаныма көз жеткізгің келді ме? Әлде, соңғы рет  азапталған жүзімді есіңе сақтап қалмақ ойың бар ма? Нестеуші ем...Жанарымдағы түйін емес, түймедей оратылған жалын жасымды кірпіктерімнің арасына тықпалап, сенің жанарыңнан жасырудамын. Түк болмағандай саған қарап ыржиып күлдім... Нестеуші ем?  Сен де күлдің... Күлкің қандай аянышты... Жо-жоқ, аянышты емес... маған жай ғана мұң сыйлайтын күлкі. Өтінем... Олай жымиып қарамашы маған, өліп кетсең де дәл осылай күлмегін. Ыржима олай! Жек көрем! Осы күлкіңді жек көрем!Сенімен танысқан сол бір  мағынасыз мезгілді де жек көрем! Алғаш рет  жанарыма жанарыңды қадап, ынтықтырған айлы түнімді де жек көрем! Сен сен болып, мен мен болғалы алты ай өтті, мен өзгердім, түбегейлі... Сен үшін бүкіл еркелігімді, балалығымды, қырсық мінезімді сағымдар арасына лақтырып, өзгердім. Бетіңе қарап қарсы сөйлемеуді ,  хабарсыз кеткеніңде себебін де сұрамауды үйрендім. Тұрмыс құрғанына пәлен жыл болып, ошақ басында нан илеп, қамыр салып, от жағатын күнәсіз, алаңғасар, күйеуіне адал берілген кексе қатын құсап мен де сені күндіге күтуді, жастығыма салып еркелемеуді  үйрендім. Өзімді алдап, құрбыларыма сен жайлы айтарда тек мақтауды үйрендім.  Ең бастысы - сүюді үйрендім. Сенімен қалай танысқаным есімнен кетсе  де,  қалай айрылысқаным ешқашан жадымнан өше қоймас! 

                                                   ***

Күн жексенбі болатын...  Маужырап, ұйқыда жатқан мені, сенің ұзақ қоңырауың оятты. Дамылсыз шырылдаған ұялы телефонымда сенің нөміріңді көргенде ұйқым шайдай ашылып, жаным жадырап сала беріп еді. Неге қуандым екен? Неге ғана маған хабарластың? Ақыры алдамшы екенсің, сол күйі маған арман болып жоғалмадың ба? Шындықты шыжғыртып бетіме басқанша, ыстық көсеумен жүзіме із салғаның мың артық еді. Жек көрем сені!

                                                  ***

Көңілді тұрысыңа қарап құшағыңа құлай кеттім, алғаш рет кеудемнен итердің. Күмілжіп бірдеме айтқысы келген сыңай да танытпадың. Айтар сөзіңді ортасынан кесіп айттың. «Мен үйленгенмін, екі балам бар. Әйелім осы байланысымды біліп қойып айғай шығарды. Ол қазыр ту сыртымыздан қарап тұр, мен саған шындықты айтуым керек. Әйтпесе, ол менімен ажырасамын деп отыр. Арамызда бала бар, айрылыса алмаймын. Әрі әйелімді қатты жақсы көремін, сенімен жай ғана көңіл көтеріп жүрмін деп  айтамын, сен менің сөзіме келіскендей сыңай танытып ыржиып күле сал. Және енді мені мазаламайтыныңды айт. Сонда  ғана ол тынышталады. Әйтпесе маған өмір жоқ. Ол ажырасса балдарымды  көрсетпейді, ал мен  ұлдарымсыз өмір  сүре алмаймын. Сен мені шын сүйген болсаң әйеліммен ажырасып кетпеуге көмегіңді бер. Қалған әңгімені оңашада сөйлесеміз.»

Мен байбалам салып жыламадым, бірақ рахаттанып күлмедім де, тек үнсіз тұрдым. Мені қинағаны - саған деген адал махаббатымды жезөкшенің ойынына айналдырып жібергенің. Мен амалсыз рөл ойнадым, сенің бақытың үшін емес, өзімнің намысым үшін. Мен де сенімен ойын ойнағанымды дәлелдегенсіп «Иа, мен де байқап жүргем, оның үстіне менен болса жасың үлкен. Өзіме лайық жігіт таптым. Сен де бақытты бол» дей салдым. Ойыма келгені осы болды. Ыржиған қалпы анадайда тұрған бір келіншекпен қол ұстасып кетіп барасың. Мен оның әйел сымағын бірінші де соңғы рет көргенім осы болды. Онысымен бас изеп амандасқансыдым да, оның маған қараған жиіркенішті сәлемін қабылдап, алаңғасар күліп, өзімнің «жезөкшелік» рөлімді жалғастырып тұра бердім. Артына соңғы қараған сүйікті-сымағыма мен де жиіркенішті күлкімен ыржиып қарадым...

Мен осылай алғашқы рөлімді адал ойнап шықтым. Ойламаған және бұрын ойнамаған түрде актерлік шеберлігім өзіме де өзгеге де пайдасын тигізді. Бірақ, алғашқы рөлімнің «көңілдестікі» болғаны жаныма батты...

1.(Әңгіменің авторға қатысы жоқ)

2. Сурет http://www.stihi.ru/2012/05/06/9840 сайтынан алынды.

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 24 ақпан 2013, 21:34
Тегтер: Өмір-дария...

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.