Басында блог бар деп ескермеппін-ау...

Басында блог бар деп ескермеппін-ау...
жеке
блог

         Осы уақытқа дейін жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе ( студенттік 3 жылға есеп) әйтеуір әр нәрсенің басын бір шалып, әдебиетке жасаған сапарымызды әншілік, асабалық, суретшілік, кейде күзетшілік сияқты студенттік кедергілермен тежеп алдық-ау. Әнші дердей дауыс, асаба дерліктей түр-келбет, сурет саларлықтай қабілет, күзетерліктей көзсіз батырлық болмаса да ақша түсетін болған соң арандай беріппіз ғой.

         Елге таныламыз-ау деген(арам оймен) екі ауыз өлеңді екі күн ойланып, телевизиялық айтыстан да тыс қалмадық. Жырды төкпелемесек те (өлеңді өкпелеттік-ау) жоспарды аздап орындадық. Ақындықтың туын ұстаған жандарды таңқалдырып, батасын алмасақ та, туыс-туған мен таныстардың алдында біраз бедел жинап қалдық. Достарым "ақын!" дейді, мен мәз.   

        Тамашалап той да қуып, оңашалап ойда қуып санаулы студенттік жылдардың сынаптай сырғып өтіп жатқанын енді байқағандаймыз ба(39жарым градуска кеп калды). Оқу біткен соң отау тігіп, отбасын құру(отанға қызмет ету десең,(Ұят қой)) ойды омартадағы арадай мазалаған мәселелер ғой. Ия, одан кейін өмірді ол(сол) кісімен ақылдасып ойласармыз, ал, оған дейін қайтпек керек.? Бағытсыз адам қалай бақытты отбасын құра алады, құрған соң қайтіп аяғынан тұра алады??? Абай атамыз құсап (күлмеңіздер) бар қазаққа (бар адамзатқа) бағыт көрсетерліктей көрегенділік қайда, жиырма жылда жиған біліміміз өзімнің жөнді өмір сүруіме жөн сілтей алса жеңгенім де... Оқу бітеді, одан соң не іс қылайын...

         Журналистпін ғой, телевизияға барсам ба екен. Негізі талабынан шыға алам-ау, түрде, тілде барғой (тағы да достарым ғой осылай дейтін)))) Бірақ білікті журналист боларлықтай білім бар ма, өз бағытымды айқындауға қиналып жүріп, мыңдаған адамға бағыт сілтеу...(ол жайында он жылдан соң ойлансам қалай)

         Газетке барсам (жаза алсам бұрын-ақ барар ем). Жаза алмаймын(енді үйреніп жүрмін). Шыны керек, газетке мақала жазуға ынта жоқ(негізі шама жоқ қой) өзімді жұбатам осылай... Ынтам оянғанда ол жаққа да бас бұрармын деймін де, басқа ойға ойыса салам...

        Әдеби-көркем шығар ма жазсам... Арманым...(орындалар)

        Осылай отыра берсем ой көп(оқымаған адам көп күңкілдейді ғой) Бәрібір ойдың шырмауынан шыға алмасымды сезіп, бір шешімге келдім. Ең дұрысы, осы массагеттен блог ашып, ойыма оралған осындай дүниелерді жаза беруді ұйғардым(мүмкін жазу техникасын осылай үйренермін). Біреуге ұнар, біреуге ұнамас(іліп алар, түйіп алар түк жоғын білем ғой) дұрысы өзімнің жазғанымды өзім қайта-қайта оқып(сіздер сияқты...) марқайып отырмаймын ба, ия... 

          Әлде бәрін қойып "КЮНЕТ"ке кірсем бе екен... қалай ойлайсыздар, артымнан кіресіздерме...(қалжың)