Ақымақпын (((

Ақымақпын (((
жеке
блог

Өйстіп-өйстіп блоггер болып кетсем да! Тағы естеріңе салайын, мен 9 сынып оқушысымын. Яғни, алдыңғы жылы 8 сынып оқыдым. Мұны екіден бірді азайта алмайтындарға арнап айтып отырмын хД ))) Мен қызыл аттестатқа үметкермін. Осы кейбіреулер  мақтанып, "мақтанғаным емес" дейді. Мен сондай ӨТІРІК сөздерді ұнатпаймын. Шыным сол. Мақтанып отырмын! Мен қызыл аттестатқа үміткермін! Тфәй-тфәй деп қойың! Кері кетіп жүрмейін! Математика, физика дегендерді шашам! Тілдерің мен көздерінен аулақ! Осы білім саласындағы қызықты оқиғаммен бөлісейін... Ал кеттік...

8 сыныптың соңғы тоқсаны... Бірде кабинетке математика пәнінің мұғалімі кіріп келіп, мынадай хабарлама айтты: 

Алматы қаласында Жәутіков атындағы физика-математика мектебі бар екен. Сол мектеп РЕСПУБЛИКАЛЫҚ конкурс ұйымдастырып жатыр екен. Соған кім қатысады? Жеңген адам сол мектепте жатақхана оқиды,-деді,

Мяяя, не керек, ойланбастан МЕН дедім ғой. Сөйтіп Жаңаөзендегі ең-ең деген бір әдемі мектепке жинады бәрімізді. Сол мектепте емтихан тапсырдық... Кеттік... Жауабын күттік...

Сөйтіп көптен күткен жауапта шықты. Ужысс... сене алмай тұрмын! Бүкіл Жаңаөзеннен тек 2 адам өткен! Бірі мен, екіншісін танымайм. Қуанышымда шек жоқ!!! Алматы, мені күт!!! дедім... Сөйтіп қуанып Алматыға билет алуға кірістік.

Мамаммен Алматының табалдырығын аттадық... Қуанышымда шек жоқ. Жаңаөзеннен шықпаған мен үшін Алматы жұмақ болды.. муахах есіме түссе күлкім келед... Сосын тіке мектепке тарттық... Мен жатақханада қалдым... Емтихан болатын күнде келді... Бірақ емтиханға нашар көңіл-күймен бардым... Жатақхана ұнаған жоқ... Жатақханасы құрсынш деп емтихан тапсыратын кабинетке мына қағазды алып кірдім:

                                пропропрлдло

 

Емтиханды тапсырдым.. Содан түстен кейін жеңімпаздардың арасында тұрмын! Жо-жоқ, қуанған жоқпын.. Алматыда қалғым келген жоқ, өзімнің үйіме, Жаңаөзеніме оралғым келді! Сөйтімде мамама барып бәрін айттым. Осылай Алматыға босқа келіп кеттік. А тоқтай тұр, нді келдік қой, қыдырып алмаймыз ба?! Осылайша МЕГА,  МИР ФАНТАЗИЯ, Абайский театрский, Бәрін аралап алдым... 

Ех... Өтіп тұрып, қалған жоқпын! Қазір өкінемін! Егер қалғанда, қазір Алматыда есеп шығарып отыратын едім...