Жан туыстарым

Жан туыстарым
жеке
блог

     Бұл күндері мен ауылда демалыстамын. Жанымның жай тауып, ең бір рахатқа кенелер шағы – осы ауылда ғана. Адамдары да, ауасы, тіпті, ішкен суым да өзгеше. Ауыл деп ауыл емес. Жай мен ауыл дегім келеді.

     Негізі, мен достар жайында сөз қозғағым келген. Ауылға келіп, бір бас қосып жүргеніміз осы шығар. Мектеп бітіргелі арқайсысымыз әр жаққа кетіп едік. Енді әр бас қосқан сайын өткенді айтып тауыса алмаймыз. Жаныма жылу берер, сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерекше күй кешем. Досың – жан туысың дейді ғой. Кейде олар кейбір алыс-жақын ағайыннан да жақын көрінеді.

      Жыл өткен сайын достың орны сараланып, бөлектене түседі. Әрқайсысымыз елдің әр түкпірінде жүрсек те бізді табыстырар достығымыз бар, бір-бірімізге деген ерекше көңіліміз бар. Құдай осы иетімізден айырмасын.