Екінші есік

Екінші есік
жеке
блог

  Тірі жандылардан ешкімге де ләм-мим демедім. Үндемей шығып кетуді жөн көрдім. Ешкім білмей-ақ қойса деп едім. Бірақ, шағын ғана ауыл болғандықтан ба, сайттан шығып кеткенімді біліп қойды. Аздап дүрбелең туып, мен туралы екі-үш пост та жазылды. Алайда, дүрбелең туғызу вообще ойымда болған жоқ еді. Кейбіреулер ойлағандай, өзіме реклама жасауды да ойламадым. Шынын айтсам, оның алдында "Он.кз"-тен шығып кетемін деп те ойламағам. Жазар жоспарларым да көп болатын. Нууу, бәрі бір мезетте шешілді. "Взял и вышел" дегендей болды.

          "Бұл туралы блогерлерден екі-үш пост та кетті" дедім ғой, так вот, жандары ашығандар да болды, жазғырғандар да табылды. "Не үшін кеттің? Не боп қалды"деген сұрақтар да агентке келіп жатты. Ешкімге ашып ештеңе айтқан жоқпын.

      Ал шынтуайтында, сөз көтере алмадым. Жақын, бауыр, дос адамымның сөзі сүйегімнен өтті. Не істерімді білмедім. Көп ойланбастан, бәріне "онлайн" кінәлі деп таптым. Кінәні өзімнен де, одан да іздеген жоқпын, онлайнды қарғадым. Сөйттім де, ішім күйіп бара жатса да бүкіл посттарымды шетінен удалить ете бердім. Короче, "офлайн-дружбаны" таңдадым. Прошу "Қалай болды? Дұрыстап, түсіндіріп жазшы. Ол кім?" демей-ақ қойыңыздаршы. Бәрібір, балықпын.

     Міне, содан бері екі жарым ай да болып қалыпты. Енді араларыңызға қайта оралуды жөн көріп отырмын. Орталарыңызға оралуымды қалай қабылдасаңыздар да, өз еріктеріңіз. Тек өтінерім, бір-бірімізбен "онлайнда" қалай аралассақ, "офлайнда" да солай араласайықшы. Даже одан жақсы қарым-қатынаста болайық. Онлайндағыдай офлайнда да "Уау, бәрі супер!" десіп жүрейікші.

Асфендиярдың әкесі Әзиз Жұмаділ