Романтикалық махаббат? Құрып кетсін!

Романтикалық махаббат? Құрып кетсін!
жеке
блог

Романтикалық махаббат? Құрып кетсін!


Романтикалық махаббат ешқашан ұзаққа созылмайды. Өйткені, ол біреуді мендік етсем деген идеядан шыққан. 

«Құштарлық пен махаббат екеуі екі басқа нәрсе. Құмарлық – алсам, иеленсем дейтін, ал махаббат – берсем дейтін ниет». Ирина Уильямсон.

Көпшіліктің ұғымы бойынша, романтикалық махаббат – сүйіспеншіліктің ең керемет түрі. Алайда бүгінгі заманда романтикалық махаббат керек пе? Емес деуге, романтикалық махабатты басынан кешпегендер де өздерін толық бақытты сезіне алмайды.

Мысалы Ұлыбританияда үйлену тойына кететін шығын жыл сайын өсіп, қазір 20 мың фунтқа жетті. Осының бәрі негізінен ол сәттер романтикаға толы болуы үшін. Сірә, адамдардың санасында материалдық құндылықтар мен романтикалық құндылықтардың арасы қосылып кеткен сияқты. Егер кино маманынан сұрайтын болсақ, ол романтикалық комедия жанрында түсірілген фильмнің көп табыс әкелетінін айтар еді. Яғни сәтті шығып жатса, ондай фильмдерден жүздеген миллион доллар түседі.

Сол сияқты танысу сайттарының да табысы да экономиканың құлдырауына қарамастан өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға өскен.

Махаббат деген соқыр деп жатамыз. Алайда, турасын айтатын болсақ, қиялындағы романтиканың жетегімен адам өз-өзін соқыр етеді. Романтикалық асқақ махаббат туралы қиялдардың зардабы мол деп түйіндеуге толық негіз бар. Адам мені бақытты ететін бір жан бар, егер сол адамды тапсам, арманыма жетер едім деп ойлайды. Сол ой маза бермейді, өмір бойы сол адамды іздеумен болады. Жұрттың санасына сіңіп алса, мұндай идея қоғамда сүйіспеншілік қатынас пен некені нығайтпайды. Керісінше, отбасының бұзылуына басты себепкер болуы мүмкін. Иә, махаббатты бұлай идеализациялаудың қоғамға зардабы орасан. Өйткені, ол махаббат деген нәрсе өзіңдей кемшіліктері адаммен бірге өмір сүру кезінде қиындықтар арқылы келетініне көз жеткізу орнына, махаббат әлдебір басқа жерде жүр деген түсінік қалыптастырады. Ажырасу, екінші, үшінші рет тұрмыс құру дегендердің көбеюі осының дәлелі деуге болады. Екінші рет отбасын құрушылар романтикадан көңілі қалған адамдар. Олар араларында келіспеушілік туса, оны тез шешіп тастауға тырыспай, түсінісуге тырысады. Және романтикалық махаббаттың тағы бір міні, оның кейде адам өліміне апарып соғатыны. Мысалы Шекспирдің "Ромео мен Джульетта" трагедиялық пьесасының қалай аяқталатыны бәрімізге белгілі.

Махаббаттың күші неде?

Неге романтикалық махаббат бәрін қиратып бара жатыр? Бұған кінәлі бұқаралық мәдениет деуге болады. Оның шеңберінде туған романтикалық миф бізді нақты адамға емес, махаббат идеясына құштар болуға итермелейді. Өйткені адам біреуді ұнатса оның қандай адам екендігін, бұған деген сезімі қаншалық екенін ойлап жатпайды. Кімге ғашық екендігің маңызды емес, ең бастысы – ғашықсың, бітті.

Романтикалық махаббат көбіне бір адамды жаулап алуға құмарлықтан тұрады. Сондықтан оның ғұмыры да қысқа болады. Себебі ондай қарым-қатынаста жүрген екі адам бір-бірімен санаса бастайды. Осынша уакыт қасында болғанын, өмірінің ең керемет сәттерін оған арнағанын міндет қылады.

Нағыз махаббат адам жүрегін жаулау, оны бағындыру емес. Ол өзге адаммен еркін өмір сүріп, қуаныш пен қайғыны бөлісе білуді білдіреді. Ол адалдық, сыйластық, мәрттік, ашықтық сияқты қасиеттерді бірінші орынға шығарады. Сонда басқа адаммен қалай болар еді деген ойлар тумайды.

Ғашықтар күнінде адамдар Голливуд насихаттап келе жатқан мифті емес, осындай махаббатты ойласа дейміз.

ВВС-дің «Романтикалық махаббаты құрсын!» атты мақаласы бойынша

http://nurmura.org/news/romantikalyk-makhabbat-kuryp-ketsіn