жеке
блог

ЖЫЛАҒЫМ КЕЛЕДІ

Сәлем, күнім! Сен мені ойлайсың ба? Қазір не істеп отыр екенсің? Ал мен сені ойлап ұйықтап, сені ойлап ояндым.. қызық, ә? Менің өзіңді сағынып жүргенімді сен сезінесің бе? Жалпы.. адам деген өзін біреудің сағынып жүргенін сезіне алар ма? Егер сондай болса, онда сен де менің жағдайымнан хабардарсың деп білемін. Жағдайым сол, жаңалық жоқ...

Менің жылағым келеді. Жылағым келеді деп ойласам-ақ көзіме жас келе бастайды.. неге? Осындайда ренжіп, ұрсып алатының жетіспей жүр-ау маған...

Бәрінен жалықтым. Мені жақсы көретіндердің көңілі үшін өзімдік қалыпты бұзып алмауға тырысып-ақ келем. Сен солай дейтінсің. «Халықтың адамысың» деп... Халық үшін ғана, мені Индира ретінде танитындардың сенімдерін жықпас үшін, сезімдерін алдамау үшін ғана өмір кешіп келем,... Әйтпесе.. сенсіз тірліктің құны көк тиын. Баяғыда-ақ өз мұңым мен қайғыма тұншығып, арақ ішіп кетер ем... Әлсіздік пе? Мүмкін.. бірақ менін сенсіз мықты болғым келмейді. Сенсіз.. Сенсіз қайтіп өлең жазам? Сенсіз... негып жүрмін бұл жерде? Білем, сенен өзім бас тарттым. «Дұрысы солай болар» деген баяғы пендеуи ой да.. Қиыны да сол бірақ. Өзің бас тартып, өзің қол үзіп кете алмау.. Өзіңді өзің іштей мүжіп, жаныңды жегідей жеп, өзіңді өзің күстаналау... Мен өзімді жек көріп барамыыын...

Сосын да жылағым келеді.. Өзіме, Жүрегіме қиянат жасадым... Өміріме, сезіміме балта шаптым... Соларды жоқтап жылағым келеді... Ешкімге көрсетпей, бір қараңғы бұрышта тығылып алып... Аппақ армандарымды, пәк сезімімді, өзіңді жоқтап.. жылағым келеді... Сосын.. Көз жасым тиылғанша жылап, сосын.. сол бұрышта ұйықтап кетсем деймін.. Елеусіз ғана.. мәңгілікке... 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі