жеке
блог

ӘбеКЕНТ

Жігітте де жігіт бар,

Азаматы бір бөлек.

Жылқыда да жылқы бар,

Қазанаты бір бөлек.

Қазақта, «жігітте де жігіт бар», - деп басталатын сөз оралымдары тіпті мол, жиі кездеседі.  Мына бір, «Жігітте де жігіт бар, тонның ішкі бауындай» деп келетін ән жолдарына назар аударып көрейікші. Бұл бір, керемет философиялық мағына сыйлайтын - данышпандық ой ұшқыны; достық, жолдастық, қарым-қатынас, сыйластықтың ерен үлгісі. Сондай ән, сондай жанның бірі – менің, Әбекем! Көрмесем де көргендей болған, айтқанына шын сенгендей болған Әбекем туралы – өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп, таңды таңға ұра жырлай беруге болады. Өйткені, Әбекем – Әлем, Қазақи болмыс, Кеңістік! Әбеке барда мен бармын, ақ қайың болса мен жармын, тұлпарым болса сұңқармын, ән айтса самғап шырқармын.  «Жақсы жүрген жеріне кент салар» деген осы болар, жүрген жері – ду, думан! Қысқасы, Әбекем - керемет, Әбекем - КЕНТ!

Өзің едің жиырма бес аңсағаным,

Аңсағанда шырқатып ән саламын.

Ән саламын, жиырма бес, тамсанамын

Тамсандым деп баршаға жар саламын.

Қымбатты, Әбеке! Қадірменді, Абзал дос!

Туылған күніңіз құтты болсын!

... Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна,

Қыз-бозбала шағыңда!

Ай-хай! Сағым қуған жиырма бес,

Сағындырған жиырма бес!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі