Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / «Валентина» екі туып, бір қалғанымыз ба?

«Валентина» екі туып, бір қалғанымыз ба?

«Валентина» екі туып, бір қалғанымыз ба?

Жастарды азғындыққа тәрбиелейтін мерекелердің көшбасшысы – "Валентин күні". Соңғы жылдары елімізде осы мерекені, әсіресе жастар арасында атағынан ат үркетіндей етіп тойлап жүрміз десек қателеспеспіз. Міне, көзді ашып жұмғанша араға бір жыл салып қылышын сүйреткен қаһарлы қыспен бірге мысық табандап осы мереке тағы келіп жетті. Бұл мереке исі мұсылман қауымына соның ішінде қазақ халқының әдет-ғұрпымен, салт-дәстүріне тіпті діни көзқарасына да үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын, қайдан пайда болғандығын ойлап бас қатырып жүргендер бар ма екен? Қылышынан қан тамған қызыл империяның жұрнағы кеңес Одағы құласымен, Ресейдің БАҚ құралдары арқылы елімізге тарап кеткен христиан дінін ұстанатындардың діни мерекесі екендігін біреу білсе біреу білмес. Бүгінде «әулие валентин» күнінің кең таралуына халқының көбі христиан дінін ұстанатын Ресейдің өзі алаңдап отыр. Еуропа ХІІ ғасырдан, АҚШ 1777 жылдан, Ресей 1990 жылдардың басынан тойлайды. Осы жерде біздің елдің жастарына сонау Еуропаның тарих қойнауында қалып қойған аты да заты да белгісіз валентинді мадақтау неге керек болды екен деген заңды сұрақтың туындайтыны ақиқат. Дүниенің төрт бұрышына құдды бір әкесінің үйінде жүргендей алшаң басып еркін тараған жат діннің, өзге мәдениет пен өркениеттің, басқа салт-сананың мерекесі сол елдердің тірегі болған қылшылдаған жастарының жүрегін жаулаған «Валентин» деген кім өзі? Бізді қойшы бұл күндері христиан ғалымдары осы тақырыпта бір-бірімен қызыл кеңірдек болып қырқысып толық шешімге келе алмай жүргенде айдаладағы бізге сол мерекені әдемілеп, әспеттеп бір-бірімізді ынты-шынтымызбен жарыса қуанып құттықтауымызға жол болсын ағайын. Тарихшылардың тұспалдауынша ежелгі христиандардың аңыз-ертегілерінде бір емес, үш бірдей Валентин болғандығы мәлім. Осы үшеуінің өлімі ит азаппен, қорлықпен зорлық өлтірілген.
Шын мәнісінде, бұл мереке батыстың бізді жан-жақты жаһандану тәсілімен жаулап алу саясатының бір тармағы. Егер мұны байыппен, сау ақылмен тарқатып қарасақ астарында адам мен қоғамды аздыру, рухани және ұлттық құндылықтарды жою саясаты жатыр. Өкінішке орай дәл қазір біздің қоғам іші-бауырымызға кіріп бара жатқан індетті селт етпестен қасқайып қарсы алуда.

Діндердің ішіндегі ұлығы, хақ Ислам дініміз жалған мерекеге бір сөзбен айтқанда үзілді-кесілді қарсы. Мұсылман ғұламаларының пікірінше «әулие валентин» мерекесі пұтқа табынушылықтың белгісі. Мұны тек біз емес, Батыстың беткеұстар ғалымдарының өзі мойындап отыр. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне селқос қарамауы керек. Ол өзінің жүректен жарып шығатын ыстық сезімін болашақта отбасын құруға және өзінің адал жарына сақтауы тиіс. Ислам дінінің шариғатында өзге діндердің әсіресе тәлім-тәрбиесі жоқ мерекелерін атап өтуге жол жоқ. Бұған бұлтартпас дәлел ретінде қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы-мазаққа алып ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмин болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар» (Мәида сүресі 57-аят). «Олар өздері қарсы болғандай, сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалайды» (Ниса сүресі 89-аят) делінген.

Ал, ардақты да сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі» деген сөзіне сүйенсек, бұл мерекеге қандай рұқсат болуы мүмкін? Егер Алла бізге бір нәрсені тыйым салса, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі былай дейді: «Алла сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Біздің елімізде өмір сүріп жатқан христиан және басқа дін өкілдері біздің осы екі төл мерекемізді тойлағанын көрдік пе? Әрине жоқ. Олай болса неге біз олардың мерекесін тойлауымыз керек?

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 13 ақпан 2013, 15:23
Тегтер: «Валентина» екі туып, бір қалғанымыз ба? http://masa.kz/article/view/id/4050

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.