Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әркімнің өз ережесі бар

Әркімнің өз ережесі бар

Әркімнің өз ережесі бар

Менің сүйікті фильмдерімнің бірі - «Правила виноделов». Мен бұл фильмді телеарналардың бірінен кездейсоқ көріп қалған едім. Содан кейін 2-3 рет көрген шығармын. Мазмұны мен сюжеті күрделі, сондықтан бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жалпы бұл фильм жетімдер үйінде тәрбиеленіп шыққан жігіттің өмірі жайлы баяндайды. Оның өз жолын, өмірдегі бағытын іздеудегі хикаясы. Сондай бір ізденістердің нәтижесінде алма шарабын дайындайтын бір фермаға тап болады. Онда қара нәсілді жалдамалы жұмысшылармен бірге тұрып, фермада қызмет етеді. Күндердің бір күнінде қара нәсілді қыз Гомерден (басты кейіпкер) қабырғада жазылып тұрған ережелер жайлы сұрайды:

Қыз: Ережелерді оқып тұрсың ба, Гомер?

Гомер: Иә.

Қыз: Ол жерде не жазылған?

Гомер: Мұнда... Кереуетте темекі шекпеулеріңізді сұраймыз.

Бірінші қара нәсілді жігіт: Бұны естігенбіз (темекісін тұтатып жатып).

Гомер: Екінші: егер шарап ішіп келген болсаңыз «Press» баспаңыз. Үшінші: түскі ас уақыты кезінде шатырға шықпауларыңызды сұраймыз.

Екінші қара нәсілді жігіт: Бұл түскі ас ішетін ең қолайлы орын ғой.

Гомер: Әрі қарай. Қатты ыстықтасаңыз да шатырға шығып ұйықтамауларыңызды сұраймыз.

ЕҚНЖ: Немене деп кеткен? Шатырда ұйықтамау? Біз не, жындымыз ба?

БҚНЖ: Топас ниггерлерге топас ережелер ойлап тапқан. Бары осы.

Гомер: Және соңғысы. Түнде ешкім шатырға шықпауы керек.

ҮҚНЖ: Жай ғана шатырға шықпаңдар деп неге жаза салмаған?

Қыз: Болды ма?

Гомер: Болды.

Қыз: Бос сөз екен. Осы уақытқа дейін не жазылды екен деп ойланып жүрсем.

БҚНЖ: Бұл ережелер кімге керек?

Ең үлкен қара нәсілді: Осы үйде тұратындарға. Алманы сығатындарға. Сидр дайындап, қалдығын шығаратындарға. Осы жерде жай ғана тұратындарға. Мүңкіген сірке суымен демалып жүргендерге. Бұл ережелерді осында тұрмайтын адам ойлап тапқан. Бұл ережелер бізге арналмаған. Біз өзіміз ереже құруымыз керек. Және құдайдың құтты күні құрып келеміз. Солай ма, Гомер?

Гомер: Солай.

Өмірдегі кейбір қисынсыз ережелер мен өмір сүру салттарын оқығанда әрдайым осы диалог есіме түседі. Бір адамның өмірімен бір адам өмір сүрмейді ғой. Бұл әлемде түрлі тағдырлар мен түрлі жағдайлар болады. Әркімнің өз жолы, өз ойы, өз ережесі бар. Сонымен қатар, әркімнің өз өмір сүру тәртібіне тән қағида басқаға тән болмауы мүмкін екенін естен шығармау керек.

13
Рейтинг: +3

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 08 ақпан 2013, 17:17
Тегтер: Правила виноделов, фильмдер, үздік фильмдер, шарап, өмірлік қағидалар, ережелер

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.