Қазақстанда жарнаманы жақсы тарату жолдары

Кинолардың арасында кино көріп отырған кезде арасындағы жарнамалардан қандай кемшіліктер байқай аласыз? 

Жарнама жасаған кезде жәй қарапайым халыққа жақсы әсер ету үшін мына әдістерді қолданған дұрыс деп ойлаймын:  

 Жарнама ең бастысы креативті болуы керек, адамдар күтпеген жағдайда түсірсеңіз ол адамның есінде ұзаққа сақталып қалады.  Жарнаманы аударған кезде қате жібермеу керек. Аудара алмай жатырсыз ба, арнайы маманға жүгініңіз. Жарнама аударған кезде, әр бір сөз жазылған кішкене бөлшекке шейін аудармасын қатесіз жазыңыз Жарнамаға мейлінше тұрғылықты халықтың өкілдерін тартуға тырысыңыз, сонда халықта сенім пайда болады. Мысалы, шет елде дайын болған видеодан гөрі аздаған ақша шығарып қазақ жұлдыздарын немесе қазақ балаларын түсірсеңіз халықта қызығушылық жақсы оянады.  Өз тауарыңызды жақсы таралуын қаласаңыз арнайы сауда орталықтарына барып қарапайым халықтан сауалнама алыңыз да, соларды жарнама ретінде таратуыңызға болады. Әрине, тек "жақсы" пікірлерді көрсетесіз ғой Жарнаманы барынша қарапайым, түсінікті етіп түсіріңіз. Қарапайымдылық астынан міндетті түрде креатив байқалып тұрсын! Жарнама жасаған кезде жергілікті халықтық менталитетіне үлкен мән беріңіз Жарнама шынайы түсірілсе, таралуы да жақсы болады. 




Бөлісу: