Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жас жүрегімді кернеген сағыныш оты...

Жас жүрегімді кернеген сағыныш оты...

Жас   жүрегімді    кернеген   сағыныш   оты...

            

       О, туған жер,неткен ыстық құшағың! Таудан соққан саф ауаңды құшырлана жұтқым   келеді.  Көше   бойлай  өскен әр тал – терегіңді,  жасыл  желекке  оранған әр қырат – беліңді,  сағындым. Өзге өңірдің алмасы жұдырықтай болса да туған жердің бармақтай  бал  татыған  алмасының  дәміне  ешнәрсе  жетпейді  екен. Мен  жырақта жүріп  осыны  анық  түсіндім...


             Ал, өзімнің туған жеріме келер болсам, Алматы облысына қарасты, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы. Мен үшін  Жетісудың   жерұйығында  орналасқан осы  маң  ыстық  көрінеді  де  тұрады.  Өйткені  ол жерде сәбилік шақ, балдаурен күндерім   өтті. Осыдан   11  жыл  бұрын отбасылық   жағдайыма   байланысты нағашыларымның  үйіне  көшіп  келген  едім.  Сол  өткен  11 жыл мен үшін 11 ғасырға созылғандай  көрінеді  де  тұрады.


         Қазір мен өзім армандаған еліміздегі үздік университеттердің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алудамын. Басқа студенттер сияқты жатақханада тұрамын. Әне-міне, дегенше 3 курс та аяқталуға таяу қалды. Студенттік кез көп нәрсені жете түсіндіреді екен... Тағы бір түсінгенім: өмірдегі ең  қымбатты сәт  туған  жердің  топырағын  басып, достарыңмен  асыр  салып, күліп- ойнаған кез екен. Мен соны ұқтым. Жас жүрегімді кернеген туған жерге деген сағыныш оты маздайды...


15
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 26 қаңтар 2012, 17:19
Тегтер: сағыныш, студенттік кез, ішкі ойлар, туған жер, туған ауыл, туған ел, Алматы облысы, жеке ойлар, Шоқан ауылы, Шоқан Уәлиханов
Пікірлер
+0
26 қаңтар 2012, 17:59

сізді агентте отырғанда ойлайтынмын давноооо студент емес шығар деп, айм сорри

+0
26 қаңтар 2012, 18:03

:))) Мен туралы көзқарасыңыз тым жоғары екен! Студентпіз әлі))) Келесі жылы бітеремін.

+0
26 қаңтар 2012, 18:34

Сағыныш деген жақсы ғой. Сағына білетін жүрек болса.))) Мен де сағынып жүрмін, туған жерімді, студенттік жылдарымды...

+0
26 қаңтар 2012, 21:49

Сағыныш деген жақсысы жақсы, бірақ, кейде адамды ойдың зынданына тастайды екен...

+0
26 қаңтар 2012, 22:12

Оның рас енді.

+0
26 қаңтар 2012, 21:33

Назик, қаланың қым-қуыт тіршілігінен бел жазып, ауылға барып, мауқыңды басып келсеңші, кәдімгідей миың тынығып қалады тыныштықта)

+0
26 қаңтар 2012, 21:48

Сол маған салса, қазір-ақ кетіп қалғым келеді, бірақ, жұмысым ше? Оның үстіне, жақында сабақ та басталады, каникуль аяқталып барады... Енді, кетуге қайда?.. Осылай арпалысқан ойларымды сіздермен бөлісуден басқа амад жоқ болып тұр...

+0
26 қаңтар 2012, 22:38

Мен достарым Шоқан дейді. шынымды айтсам Шоқан ауылы деген сөзге мән беріп аштым. Ұнады. Ертен менің құрметімеде осыдай естелік жазылса (әлсін күлкі) арман ғой... Жақсы Назира. Қаламың қарымды болғай!

+0
28 қаңтар 2012, 20:00

Рахмет, Шәке! Сіздің азан шақырылып қойылған есіміңіз Шахмұрат па? Атыңыз қандай мағына береді?

+0
26 қаңтар 2012, 23:07

Массаған шет елде оқысаң, жастықпен дос болып күнде бір жылап тұрады екенсің ғой :)))

+0
28 қаңтар 2012, 20:02

Бәрі де мүмкін, тым көңілді жүргенмен, туған жерімді әркез сағынып мұңайып қаламын осылай:))) Кейде, бәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәрін тастап кетіп қалғым келеді туған мекеніме. Бірақ, олай етсем тағы болмайтынын өзім білемін де өз-өзіме ерік бермеймін...

+0
27 қаңтар 2012, 09:42

Жиенім менің! Жер жәннаты Жетісу өңірінің табиғаты кім-кімді болса да өзіне баурап алады. Жазбаңды оқып, Хан Тәңіріне жол тартқым келіп кетті

+0
28 қаңтар 2012, 20:05

Иә, Ғазиза, рахмет! Хан Тәңірінің баурайына кеткіңіз келіп кетсе, заттарыңызды жинастыра беріңіз:))) Кеттік)))

+0
29 қаңтар 2012, 11:59

Сіз дайын болсаңыз, біз дайын! Кеттік))))))

+0
29 қаңтар 2012, 17:17

КЕТТІК, ендеше, қыз дайын болса, біз де дайын:))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.