Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Анар Мұстафина: Миссиям - интернетте қазақ тілін дамыту

Анар Мұстафина: Миссиям - интернетте қазақ тілін дамыту

Анар Мұстафина: Миссиям - интернетте қазақ тілін дамыту

Өздеріңізге белгілі форумның ойын бұрышында сырлы сұхбат алаңы деген жоба бастағаным. Көпшіліктің таңдауымен сайт админі Анаркаға сұрақ қойған болатынсыздар өткен аптада. Бүгін сіздерге Анардың жауаптарын ұсынып отырмын. Сұрақтарды мына жерде қойылған.

АНАР, алған біліміздің, дипломыңыздың жемісін көрдіңіз бе, қайта таңдау мүмкіндігі туса қандай шешім қабылдар едіңіз?

Менің екі білімім бар: орта-кәсіптік техник-программист және информатика пәніні мұғалімі деген жоғары білім. Мүлде жемісін көрмедім деп айта алмаймын. Жұмысым программа жасаумен байланысты болмаса да, компьютермен байланысты. Мұғалім болмасам да, блогтарым арқылы ой салатын, жақсы жаққа тәрбиелейтін жазбалар жазамын деп ойлаймын ))) Қайта таңдау мүмкіндігі туса да осы жолды қайта таңдар едім. Жалпы адам ештеңеге өкінбеу керек деп ойлаймын. Осылай болды ма, яғни солай болу керек болған.

2. АНАР, өмірде ең алғаш бірнәрседен қатты көңіліңіз қалған жағдай есіңізде ме? Ең соңғысы ше?

Қазір ойласам, өзіме жақын деп санап келген адамдардан, яғни достарымнан көңілім қалған кез есіме түседі. Бірақ уақыт өте келе бұның бәрі заңды екенін, бәлкім өзім соған лайық болмаған шығармын деп түсінемін. Осыны ұғынғаннан кейін көңіл қалушылықтың бәріне біреудің кінәсі емес, өзімнің соған көзқарасымнан деп ұғынатын болдым.

3. АНАР, егер бір сағатқа біреудің көрінбейтін кейіпке еніп, бір өнер адамының қасында жүру мүмкіндігі туа қалса, ол өнер адамы кім болар еді?

Қызық сұрақ екен ))) Шын айтсам, ешкімнің ішкі сырын білгім келмейді. Мен үшін жұлдыз аспандағы қол жетпейтін жұлдыздай жарқырап жүре бергені жақсы. Көрінбейтін болсам, тіпті көп нәрсе біліп қоюым мүмкін. Маған бұл мүлде керек емес.

4. АНАР, жақсы көретін жұлдызды дәл қасынан көресіз, бірақ ол қарамай өтіп кетеді немесе онша ұнамайтынымен біраз сөйлесу мүмкіндігі туады, сіз қай жағдайды таңдайсыз?

Онша ұнамайтын жұлдызбен сырласуды таңдар едім. Мен оны шынымен басқа жағынан танығым келер еді, жақсы жағын көргім келер еді.

5. Бір сағатқа мына әлемде жалғыз болу мүмкіндігі туса, сіздің әрекетіңіз?

Ең алдымен маған ақша керек. Бірақ оны қайдан аламын? Банктен тонағым келмейді, өйткені ол жақта да жұмыс істейтін, бала-шағасын асырау керек адамдар бар, байлардан да ұрлағым келмейді, жалпы ұрлық дегенге қарсымын. Эйр Астанаға барып, түрлі елдерге билеттер алып-алайын десем, ол елдерге барған соң да ақша керек. Эххх... шын айтсам, өз еркіме берілген тегін ештеңе қажеті жоқ сияқты. Оңай келген ақша оңай кететініне сенімдімін. Еңбекпен тапқан нанға не жетсін.

6. Ғайыптан тайып мол мұраға кенелдіңіз делік, оның жартысының өзі қазіргі барлық қажеттіліктерді өтеді, қалғанын қайтесіз?

Адамдар неге аспаннан түсетін ақшаға құмар екен? ))) Қоймадыңдар ғой тегі ))) Жақсы, жалпы сондай мүмкіндік болса жеке кәсібімді ашар едім. Бірақ оның не болатынын әлі ойлаған жоқпын.

7. Корей дорамаларындағы, әндеріндегі жиі кездесетін ағылшын тілін қазақ туындыларындағы орыс тілімен салыстыруға бола ма?

Салыстыруға келмейтін шығар. Қалай қарасақ та, корейліктер бір ғана тілде – корей тілінде сөйлейді. Және ол адам АҚШ-та туып-өспесе, корей тілін білмеуі мүмкін емес сияқты. Ал әндерге ағылшын тілін қосуы бұл бір еліктеушілік болуы мүмкін немесе ағылшын тілін үйренуге мотивация. Жалпы корей шоу-бизнесін бақылап жүргендегі түсінгенім, олар әлемге Америка және басқа да Еуропа елдері сияқты ықпал еткісі келеді, танымал болғылары келеді.

8. 100 пайыздық шкаламен өлшегенде к-поп деңгейі қай биікте жеке ойыңызша?

70-80. Корей шоу-бизнесі әлемге үйреншікті болмай тұр. Түрлері де, тілдері де, стильдері де үйреншікті емес. Сол себепті оларға көп килігеді. Ал негізінде Американдық және басқа да батыстық өнерлердің ұсынып жатқаны да солардың төңірегіндегі дүниелер. Түріктің Таркан деген әншісінің де стилі қызтекелікке жақын. Алайда оны көріп-көріп көздері үйреніп кеткен.

9. Онша ұнамайтын әртістер бар ма? (ұлт маңызды емес), әншілер ше?

Біраз уақыт бұрын жалпы шоу-бизнеске, әншілерге килікпеймін, сынамаймын деп өзіме сөз бердім. Мен олардың өсіп-өркендеуіне тілектеспін. Ұнағандарын тыңдаймын. Ұнамаса бұл менікі емес. Болды.

10. Күніне елу реттен тыңдасаңыз да жалықпайтын ән?

Соңғы кездері Мачете тобы ұнап жүр. «Нежность», «Папа» деген әндерін жақсы көремін. Және Адельдің «To make you feel my love» әнін жалықпай тыңдай берем.

11. Ең, ең сүйікті актер/иса/әнші/спортшы/саясаткер?

Шын айтсам, қазір маған спортшы Ислам Байрамуковтан басқа ешкім ойыма оралар емес. Оны қазақша сөйлегені үшін, қазақтарды құрметтейтіні үшін жақсы көремін. Және оны көрсем бір нағыз батырдың елесі келеді. Бірақ кейде оны жақын танысам, көңілім қалып қалар ма деп қорқам. )) Айтпақшы, Реал-мадридте ойнаған Раульді ұнатамын. Оның отбасын жақсы көремін, балаларын ))) Жалпы үлгілі отбасы деп санаймын. Әлемге сондай үлгілер керек. 

Сайтта аударма жағынан Анардың көмекшілерінің бірі О Ма Лидің сұрақтары:

Құрметті Анара Мұстафина ханым! Сізге сұрағым: Тұйық болудың себебі неде деп ойлайсыз? Жалпы адам неге тұйық болады, оның тұйық болуына қандай факторлар әсер етеді. Осы турал сіздің жеке ойыңызды, пікіріңізді білгім келеді.

Менің ойымша, тұйықтықтың екі факторы бар. Бірі – тәрбиеден, екіншісі – табиғатынан тұйық болу. Көбінде ата-аналар балаларын бір істеріне қатаң жазалап жатады. Осы кезде бала тұйықталып, бірдеңе айтайын, істейін десе тағы жазаланып қаламын ба деп қорқып, үндемей жүре беруге үйреніп кетеді. Сөйтіп тұйық болып өседі. Бұдан шығудың жолын айтатындай мен психолог емеспін. Бәлкім, өзің ізденіп, түрлі психологиялық кітаптар оқып көрерсің. Ең бастысы, осы үшін өз-өзіңді жек көруге, комплекс жасауға болмайды деп ойлаймын. Өзіңді қалай бар, солай қабылдауды үйрен. Тұйықтық та жақсы қасиет. Бұдан өзіңе қандай плюс болатынын ойлап, осы тұйықтықпен де үлкен жетістікке жететініңе сен.

ауылымыздың он бес жасар тұрғыныЖансая Тілеулесованың сұрағы:

Өмірде не қолыңыздан келмейді?

Жалпы адам ниеттенсе, қолынан келмейтін нәрсе жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы өзіңе сенім, сол ниеттену барысында қарқынды еңбек ету және ниетіңнің адал болуы аса басты фактор. Сонымен қатар сол ниетіңе жан-дүниеңмен лайық болу керексің деп ойлаймын.

Информатик  Анар апайдан аттасы информатик Анарға қояр сұрағы:

Неге мұғалім болғыңыз келмеді? "Ұстаздық - менің таңдауым деп жүре бересің", неге?))))

Менің ойымша, әр адамның осы әлемде өз міндеті, өз миссиясы бар. Мен бұл туралы бір жазбамда жазған едім. Қарап отырсам, өмірімдегі барлық жағдайлар мені Интернет саласында жүруіме, блог жазуыма итермелеп әкелді және бұл менің сүйікті ісім. Ұстаздық та біреудің сүйікті ісі, өмірлік миссиясы болуы мүмкін. Әрбір адам осы әлемге не үшін келдім, не істесем бақыт табамын, адамдарға сол ісіммен қандай жақсылық жасай аламын деп, өз жолын табуға тырысуы керек деп ойлаймын. Менің миссиям – Интернетті қазақ тілінде дамыту деп білемін. Қазір осылай ойлаймын, бәлкім кейін ойым өзгере де жатар.

Осы бастамада маған көмек беріп жүрген менің көмекшім Салтанаттың сұрағы:

Корей сериалдары ішінде жеке ойыңызша "атына заты сай" еместері бар ма? Мысалы, аты айқайлап тұрғанымен сюжеті дұрыс өрбімеген немесе сценарий тәнті етерлік ал аты атүсті қойыла салған дегендей...

Ой, ондай сериалдар өте көп. Ең соңғысы мысалы, Ли Мин Хо ойнаған «Вера» сериалын айтар едім. Сол актер үшін қарап бастадым да, бірақ орта жолында қарамай кеттім. Сериалда «ляп» көп және актриса өзінен бірнеше жас үлкен екені көрініп тұр. Мен осындай кемшіліктерді көрсем болды көргім келмей қалады. Және орта жолдан қарамай кеткен сериалдарым жетерлік. «Истинный джентельмен» дегенді де аты дардай болғанымен, актрисаның ойынына көңілім толмай орта жолдан тастап кеттім. Көп ондайлар.

Қыпшақ қызының  өзінің мәңгілік махабатына қояр сұрағы:

Анар, психологтардың айтуынша, ойлар заттанады деп жатады. Бәз біреулер ақ қағазға армандарын жазып, не сәнді журналдардан өзінің арманыңдағы бейнелерді қиып, жабыстырып жатады. Жалпы қаншалықты рас осы сөз? Өз тәжірибеңде болды ма сондай жағдай?

Шын айтсам, осындай нәрселерді айтқанда біртүрлі «сектантка» сияқты болып кетем ))) Бұл әдістер жан-жақты зерттеліп, айтары айтылып қойған сияқты. Және егер іске аспайтын дүние болса сонша айтылып, жазылмас еді деп ойлаймын. Жалпы ізденген адамға бұл тақырыпта көптеген әдебиеттер бар. Оқып, практика жүзінде көрсе болады. Біреуге жағатын нәрсе, біреуге жақпайды және біреу - сенсе, біреу – сенбейді. Сондықтан, осы дұрыс, керемет деп өз ойымды тықпалағым келмейді.

Болашақ депутат Нүрзияның  аудармашыға  сұрағы:

Анаркин, айтшы құнды-құнды ойларыңды, еңбегіне қарай жоғары бағалаған кісіге қалай құрмет көрсетесің, талантты екенін сол кісіге айтқан соң, "жағымпазданып тұр деп ойлап қалды ма екен?" деген ойлар бола ма? Жалпы қоғамда "құрметтеу" мен "жағымпаздану"дың айырмасы бар екенін түсінетіндер көп па?)

Меніңше, адам өзін қалай ұсынады, ұстайды, соған байланысты. Егер әркімді мақтап, былайынша сөзіңнің қадірі кеткен адам болсаң, онда сенің мақтауыңды ешкім елемейді. Және уақыт өте келе кімнің жағымпаз, кімнің қандай екенін байқауға болатын сияқты.  

Мейіржанның сұрағы:

Мысалы, мен АҚШ-тың, Еуропа елдерінің барлаушылық, әрекетті сериялдарын көргім келеді. Оларды субтитрмен аудару корей, жапон сериялдарын аударуға қарағанда қандай айырмашылықтар бар? Қиын ба?

АҚШ пен Еуропа елдері авторлық құқық мәселесін қатты қадағалайды. Ал азиялықтар көбіне сериалдар мен фильмдерін CC белгісімен шығарады, яғни субтитрларды енгізуге рұқсат береді. Олар өз өнерлерінің интернет аумағында таралуына өздері ықпал етеді. Корей сериалының бір сериясы Кореяда көрсетіле салысымен бірер сағаттан соң ағылшын субтитрларымен интернетте пайда болады. Сол субтитр файлдарын өздері алдын-ала дайындап қоя ма деген де болжам бар. Қалай болғанда да дайын субтитр файлды аудару өте жеңіл. Ал басқа елдер мұндай субтитр файлдарды мүлде дайындамайды десе де болады.

Ақжелеңнің сұрағы:

Анар, сізге мен де сұрақ қойып жіберейін  Жиырма жылдан кейінгі Қазнетті қалай елестетесіз? 

Меніңше, өте жақсы дамиды деп ойлаймын. Көптеген қазақ тілді ресурстар ашылып, қазақ халқының сұранысын сай сайттар көп болады деп сенемін.

Ақжелеңнің тағы бір сұрағы бар екен

Кәріс жігітіне жар болуыңыз мүмкін бе? 

Тап Кореяның кәрісіне жар болуым мүмкін емес сияқты. Ал өзіміздің кәрістерге... шын айтсам білмеймін, егер бақытты етемін деп тұрса ойлануым мүмкін.

Мейіргүлдің  сұрағы

Анар, бүгінде "Ақзере" блогына күніне қанша адам кіріп жүр?

Akzere.dosym.kz-ке күніне 500-1000 адам кіреді.

Каспий  Меруертінің сұрағы:

Анарға сұрағым: Сенің ойыңша, адамдардың хоббиі өзгеріп тұрады ма әлде хобби - үнемі бір нәрсемен ғана айналысу ма? Өзің ұнататын іспен айналыса отырып, табысты болу мүмкін бе? Менің жұмысым - менің хоббиім деп айта аласың ба?

Хобби өзгеріп тұруы әбден мүмкін. Бұрын поэзияны қатты жақсы көргенмін. Сосын қызығушылығым басылып қалды. Корей сериалдарын бірінен соң бірін кеміре бергенмін. Оны да қазір сирек қараймын. Бірақ өмірде айналысқың келетін хобби болуы мүмкін. Мысалы спорт түрлері. Осыдан үлкен жетістікке жететін адамдар көп қой. Тағы да айтып өтейін, әрбір адамның осы әлемде өз еншісі болады, өз жолы болады. Әркім немен айналыссам бақытты боламын деп өз-өзіне сұрақ қойып, соған жету үшін не істеуім керек деп әрекет етіп, бұнымен адамзатқа қандай пайда әкелер едім деген ниетпен өмір сүрсе бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мен қазір өз сүйікті ісіммен айналысамын және сол үшін бақыттымын! ))

Анарға сұрақ: алғашқы қазақ сайттарының бірі "Солай деде" өте белсенді болдыңыз, бірақ "Мәссағанда" көп белсенділігіңіз болған жоқ, неліктен екен? 2007-2008-жылдарды еске түсіріп отырғаным ғой. Ауылдан кз тің сұрағы, мен саған сұрақтарды жинақтап жіберген соң қойылған екен бұл сұрақ, пікір ретінде жауап бере кетсеңіз.

Менің Анарға қояр сұрағым: Жақын танымассаңда жазбалары арқылы ұнататын қолданушың бар ма, қай жазбасы оны саған жақындатты?

Форумда айтып кеткендей, Анарға ең ұнаған сұрақ О Ма Лидің сұрағы. О Ма Ли осы жазбаны оқып отырсаңыз Салтанатқа ұялы телефоныңыздың номерін беруіңізді сұраймыз. Сізге 200 бірлік сыйланады.

Сонымен қатар Анармен болған мына жерде және мына жердегі сұхбаттардыда оқи отырып, сұрақтарыңызды пікір етіп қоя отырыңыздар.

Осы сұрақтардың барлығына ерінбей жауап бергені үшін Анарға үлкен алғыс айта отырып,биік белестерді бағындырып, асқақ армандарыңа жете беруіңе тілектеспін. 

 

Келесі сұхбат алаңыының қонақтары; Сайтың үлкені Айгүл апай және массагеттің бір жылдығына орай өткізілген конкурстың жеңімпазы Айқаракөз. Ертең ақырғы күн қазірден бастап сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар форумға. Белсенділік таныта отырыңыздар.

 

Сурет:Қыпшақ қызының Массагет сайтына сыйлаған сыйлығын ұстаған сұхбат берген Анар.( сурет Анардың фейсбук парақшасынан алынды)

24
Рейтинг: +10

Жазылған уақыты: 31 қаңтар 2013, 15:09
Тегтер: массагет кз, сұрақ жауап, қазақ интернеті, Анар Мұстафина

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.