Қызықты сұрақтарға, қызықты жауаптар

Не ғой, мен мына эстафетаны кезексіз жазып жатырмын. Кешірім сұраймын. Жәй жазғым кеп кетті.))) Сіздердің жауаптарыңыз сондай қызықтырды мені, сосын жауаптар жазуға итермеледі.)

1. Егер уақыт мәшинесі болса, қай жаққа саяхаттап, қай оқиғаны түзетер едіңіз?

Ммм... Негізі көп қой. Жалпы әу жаңа тауылған сәби кезімнен бастап бәрін өзгертер едім( тіпті туылмай да қоям ем десен ия)))). Ал жалпы... бірнәрсе бар, соны өзгертер едім. Бір құрбым мектеп кезінде бір жігтке ғашық болған ғой(өзінің айтуы), содан үйіне барсам, соған звондап танысшы дейд. Басқа болып таныс дейді. "Жарайды" деп мен аңғал байғұс звондадым әлгі жігітке. Таныстым. Сосын... күнде сол қыздың үйіне барып, сонымен сөйлесетін болдым. Ауылда телефонның да аз кезі ғой(кәдімгі үй телефоны), әйтпесе үйден-ақ сөйлесе берер едім. Сонымен, бір күнііі әлгі жігіт маған жаман көзімен қарайды мектепте. Сөйтсем әлгі құрбысымағым ( типа іші күйген шығар деп қоям енді хаха) звондап, әлгі жігітке мен екенімді звондап айтып қояйыпты. Масқара болғанда әлгі қыз онымен араласады екен. Енді үстімнен күлген шығар дим да. Жаман боп қалғанмын сол кезде. 

2. Ең жүйкеңізге тиетін нәрсе?

Көп қой. Қарап отсам, мысалы осында блог жазғанда копи-паст болмайды екен, "ваш браузер не поддерживает" дей ме, ощым нервке тиіп отыр(клавиштарды кейін білдім)))). Сосын, кішкентай балалар жылағанда нервім көтере алмайды. Жүрегім қысылып, бәрін тастап қашып кеткім келеді. Жо жоқ болады ғой алдағанға көне салатын балалар(айналып кетесің да сондайлардан), ал көнбейтіндері ше??? Менің нервім әлсіііз.

3.Егер "Джинн" келіп, үш тілегіңізді айтыңыз десе, не айтар едіңіз?

Әрине отбасыма аманшылық, бәріне денсаулық, бақыт тілер едім. Ол енді Алланың қолында деп ойлаймын.

Ал Джиннан  чисто для прикола сұрай салуға болады, мысалы:

1) Радиода(мысалы қазақ) келесі өлеңге қоя салатын болсаң...

2) Тойыма Алладин мен Жасмин сияқты кілемде ұшып барғым келеді.))

3) Сосыын әлемде бейбітшілік орнаса. Ешкім ешкімді ренжітпей, ұрыспай-төбелеспей, соғыспай дегендей...


4. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласыз ба?

Ойбай, мен сияқты кірпияз адамға олай жасай көрмеңдер. Ешқашан! 


5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Көп елдерге саяхат жасау-бұл менің бала күннен келе жатқан арманым. Ал үш елді ғана таңдау болса...

1. Корея. Оңтүстік Корея. Бір бүйрегімнің 0,5 % осы елге бұрып тұрады)))

2. Италья. Io amo l.Italia.

3. Қай ел маңызды емес, бірақ таулы аймақтар. Оңтүстік Францияға немесе Тибетке.

 

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

"Ақшамен шешілетін нәрсенің бәрі өте арзанға шешіледі". Сәтсіз аудардым, орысшасын да жаза кетейінші.

"Все, что можно уладить с помощью денег, обходиться дешево". Ремарктікі.


7. Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?

Кейде еріккенімде оқып қоямын, ал былай сенбеймін.

 

8. Сіз темекі шегіп тұрсыз, артыңыздан әкеңіз келіп қалды. "-Ұлым/қызым, бұның не?" деді. Сіз не істер едіңіз?

Олай болмас еді әрине. Бірақ болып қалған жағдайда... білмейм кейін бетіне қалай қарайтынымды.


9. Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз және махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз?

Туысқандарым.Басқаша болу мүмкін емес сияқты.


10. Сіз әншісіз, концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз? 

Күліп, әзілге айналдырып, кешірім сұрап, ақталып, әнімді жалғастыра беремін. Бірақ позоор ия. Осы кезде керек-ау дим уақыт мәшинесі))).


Менің қояр сұрағым: Поезда кетіп бара жатырсыз. Сізбен бірге бір купеде сіздің пір тұтып жүрген сүйікті актеріңіз, әншіңіз және басқа танымал тұлға келе жатыр. Түнгі уақытта актер қорылдай бастайды, әнші ұйықтап жатса да, сөйлей бастайды, ал үшіншісі ары-бері шығып, сізге ұйқы бермейді. Осы кезде сіздің әрекетіңіз қандай болады? Сіздің орныңыз екінші полкада екенін ұмытпаңыз.

Үндемеймін. Олар да ақша төледі, қалай ұйықтаса да өз еріктері ғой. Дегенмен, ақыры ұйқы бермейді екен қалтафоныммен видеоға жазып аламын сол әрекеттерін...)))

Кезек:

Таяқшаны қыз баладан алған соң, қыз балаға тапсырайын. Біразы жазған сыңайлы, егер кезек Сәнияға келмесе, сол қыз алсын. Астаналық емес, Аринова Сәния алсын





Бөлісу: