жеке
блог

Танысу анкетасы

Сәлем достар!!!!!!!! Меніде көп тани бермейтін шығарсыздар! Танысу анкетасының тізгінін менде қолға алып, жаза кетейін. Массагетке кірмегелі 10 күндей болды. Жұмыста көбейіп кетті, үлгермей жүрмін. Массагеттік достарым түсіністікпен қарайды деген ойдамын.


1.Өзің жайлы қысқаша мәлімет?

Менің аты жөнім Қуанышбаева Гульфайруз Берікқызы, мен киелі сыр елінде 1988 жылдың 9 сәуірінде туылғанмын. Дәлірек айтқанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы. Одан кейін өскен жерім Ақтөбе қаласы болатын. Қазіргі тұрғылықты жерім елордамыз Астана қаласы. Мамандығым заңтану. Қазіргі кезде Астана қаласы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында қызмет атқарамын.

 

2. Хобби?

Қазақ эстрадасының әндерін, кейде әуезді, өсиетті термелерін тыңдау, кітаптар оқу, арасында өлең шығару, кейде ұнаған әншілерім жайында ақпарат жинау.

 

3. Қай елдерге саяхат жасағың келеді?

Мен бірінші қазақ еліміздің барлық облыстарын, қалаларын, ауылдарын аралағым келеді. Ондағы тамаша жерлердің табиғатын аралап, біз білмейтін ашылмаған құнды дүниелерін көргім келеді.

 

4.Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің?

Алла тағала адам етіп жаратса, онда адам болып келер едім.

 

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданылатын нақыл сөзің?

"Өмірлік ұстаным өрге жетелейді"- дейді ғой, сондықтан әр адамның өмірлік ұстанымы болуы керек. "Өмірдің әр сәтінен сабақ ал", "Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға".

 

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңдеме? деген сұраққа жауап бермей-ақ қояйын.

 

7. Кімді жақсы көресің?

Ата-анамды, бауырларымды, достарымды қатты жақсы көремін, әрі құрметтеймін.

 

8.Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің неге ол адам?

Әншілерім: Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас, Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова. Әртістерім: Нұржан Төлендиев, Айгүл Иманбаева, Нұржан Әлімжан, Берік Айтжанов. Саясаткерлерім: Иманғали Тасмағанбетов және Мұхтар Әбенов.

 

9.Сүйікті спорт түрі:

 

Шынымды айтсам көп болды спортқа бет бұрмағалы.Көбінесе теледидардан ауыр атлетика, кәсіпқой боксты қараймын.

 

10. Сүйікті кино?

Егер өзіме ұнап жатса, көңіл күйіме байланысты жанрды таңдап, міндетті түрде соңына дейін қараймын!

 

11.Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Егер өзің сол ақшаны орнымен жарататын болсан әр адам ұстауға болады, мысалы, өзім ата-анамнан жырақта болғандықтан ақшаны өзім ұстаймын.

 

12.Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзіңмен шақырса барар ма едіңіз?

Жоқ қанша сүйіп тұрсамда бармас едім. Тек оған бақыт тілеп, өзім еліме қызмет атқарар едім.

 

13. Адамзаттың бұл дүниеге келудің мәні неде?

 Мен үшін өмірдің мәні ізгі амалдарында! Қиналған сәттерімізден сабақ алып, ен бастысы бақытты ғұмырлы күндеріміз көп болғай.


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі