Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ЖҮЗ КӨРУДЕН ҚАЛЫП БАРАМЫЗ

ЖҮЗ КӨРУДЕН ҚАЛЫП БАРАМЫЗ

ЖҮЗ КӨРУДЕН ҚАЛЫП БАРАМЫЗ

Мен өзі аяғымды арқандап қойса тұрмайтын қаңғыбаспын.Күні бойы қаланы жаяу аралап қызық болмасада, кермет жерлерде ешкім түсе бермейтін, елеусіз фонда суретке түскенді ұнатам.

Егер жалғыз жүрсем  өз-өзімнің қатемді түзеп,өзіммен сөйлесіп іштей шимай-шатпақ бірдеңені ойлап қоямын. Сондай күндердің бірінде.

-Мектепте жүргенде жазғы демалысқа асығушы едік.Ал қазір сол мектепті сағынып жүрміз.Бірақ жазғы демалысымның орны бөлек.Демалыс калай басталса Нұрдәулет солай нағашысының ауылына тайып тұрады. Онда таудың ортасы,сылдыраған бұлақтың жағасы,атқа мініп қой бағып тауда жалғыз өзің шыңғырып өлең айтқанға не жетеді! Қоржынға таба нанмен айранды салып алып,машинаның гурілі, адамдардың ызыңынан тыныштыққа демалып ойланғанның өзі шііііркін бір ғанибетқой. Кешке алдыңа бір отар қойды салып алып ауылға келесің.Әжең дастарқанды гүл қылып құрт,май,ірімшік,қаймақпен жайнатып қояды.Қарынды тойдырып бір мезгіл бала болып доп қуалап, асық ойнап, ұтсаң қуанып,ұтылсаң ренжіп үйге келесің.Тұяқ серпімей шаршап ұйқыға кетесің. Таңертең асықпай 6-дағы шайда ұйықтап 9 дағы шайға әжең еркелетіп оятып алады . Тұрып шәй-пәйіңді  ішіп шөп орып,лақ-қозы шығарып жүргеніңде 11 де болып қалады.Сол кезде ауылда құранға шақыру,тамаққа шақыру басталады. Атты ерттеп  арғы ауыл,бергі ауылдағы туған туысқанды,көрші қоламсаны шақыруға шығасың. Енді ойлай бер кірген әрбір үйіңнен бір тілім нан жеп бір кесе шәй ішпей шықпайсың. Ал ол үйлермен қал сұрасып, кімнің немерсісің қайдан келесің әңгімелесіп кешке дейін ертеңгі асқа түгел шақырып үлгересің.Таң атады ерте азанымен үйде ауылдың жаңа түскен келіндері, ескі келіндері рудың аталары бәрі жиналып астың қамын жасап, ерлер  қой сойып, әйелдер қазан ошақтың басында ғұж-ғұж қайнап ауылдың өсегінен жіберіп, таныспағандары танысып үлгеріп жатады. Ал біз сол самаурынның жанында балдармен дауласып немесе ауылға келген қыздардың қамын-қамдап,сыртынан қосағын таңдап  отырамыз.

Атам қонаққа бараса мені ылғый  жаңына ертіп алатын себебі үлкен кісілерді,ағайын туысқандарды  көресің араласасың деп.Бұл жақсы қасиет екен негізі.Соның арқасы болу керек адамдармен тез тіл табысып кететінім.-дееееееп ауылымда өткен балалық шағымды еске алып келе жатсам.Бір жас жігіт ағаларын үйіне қонаққа телефонмен шақырып жатыр.Еххххх деп қоям қазір заман дамыған сайын жүз көруден қалып барамыз.Менің өзім ауылға барсам кішкентай балдардың өзі атқа мініп қызықтағаннан агентте шуылдатқанды артық санайды. Қонаққа шақыру  болса телефонның пернелерін баса салып шақыра салады.Аралас-құралас араласу қалып барады. Бөтен қойды да сым тетікпен  сұрай салады.Ауылдың өзінде баяғыдай асық ойнау,ақ сүйек,көкпар дегеннен тарифтың басталғанына асығады. Оны қойшы ағайын туысқанмен араласуды да қойдыққой амандасып жүз көру үлкендердің қолын алу,бата беру салт дәстүріміз сағымға айналып бұлдырап барады.-деееп тағыда өзіммен өзім сөйлесіп кеттім кешіріңіздер!

Қысқасы баяғы кезді соткасыз,агентсіз өткен балалық шағымды сағынамын!

10
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 18 қаңтар 2013, 20:51
Тегтер: Сотка.Техника.Ауыл

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.