№11. Қалыңдық күнделігі: Орындалмаған уаде

Естеріңізде ма қыркүйекте мен диетаға отырамын деп уаде беріп ем ғой. Енді, сол уадемнен түкте шықпағанын айтайын деп ем. Әңгіме былай болды: 

Диетаға дүйсенбіден бастап отырамын деп, күнде суббота мен жексенбіден бастап уаде берем. Бірақ, уадемде тұра алмай ұстай алмай жүрдім. Одан айдың 1- күнінен бастап ұстаймын деп ойладым. Тағы да түк шықпады. 

Жалпы толық адамдар, диета ұстаймын деген уаделерінде онша тұра бермейтініне көзім анық жетті. Сенсеңіздер ана постты жазған кезден қазіргі күнге шейін 18 кг қосып алдым. Білмейм сол кезде менде стресс болды, жұмыстағы жайсыздықтар, проблемалар. Мен бірнәрсеге күйзелсем тоқтамай тамақ жей берем, өзіме есеп бермей кетем. Весыға тұрудан қашып жүрдім. Қасымдағы адамдардың сөзін құлағыма ілмедім. 

Батц, жаңа жыл алдында көйлек кимек болдым. Шошып кеттім, бірде бір көйлегім маңайыма жоламайды. Армандама да дейді. Шошып ояндым. Өкініп тағы жүріп жаңа жылды өткіздім. 

Қазір жаңа диетадамын. Қарным аш емес. Ет, салат, сыр, творг, алма жеп қоям. Шынымды айтсам мамандар көмегіне жүгіндім. Алдымен барып өлшендім, сөйтсем менің организімімде түк су жоқ дейді. Әрине, жай су мүлдем ішпейм тек шай, кофе, кока кола ішетінмін. Содан оргизімім тозып кеткен, салмақ ауырлап ұйқыбас боп барлық жерім ауыра бастаған. Кәдімгідей осының бәрін өзімде байқап жүргем. 

Қазір күніне 2-3 литр құры су ішемін, күнімді де сумен бастаймын. Диетаға отырғаныма 9 - шы күн бүгін. Салмағымды әлі өлшеген жоқпын, өзімді жақсы сезініп қалдым. Бұрынғыдай ауырлық жоқ. Еркін қозғалып, жақсы болып қалдым. Енді ақпаннан бастап современные танцыға барсам ба деп жүрмін. "Шаг вперед 3" пен "Лапочка 2" көргеннен кейін осы ойға келдім. Осы би стилін жақсы көрем, байқайм икемім бар осы стилдерге. 



Бөлісу: