Сағындым сені

Сағындым сені
жеке
блог

Сағындым сені

Сағындым сені, сағыммен жүрмін сырласып,

Қара аспандағы жұлдызбен, аймен мұңдасып.

Арамыз алшық болса да, жаным, үндесіп

Жүректеріміз бірге соғуда жырласып.

 

Күннің батқанын асыға күтем күнде мен,

Көзім ілінсе бақытқа ылғи бөленем.

Жалғыз жұбанышым түн ортасындағы тәтті түс,

Шаттанып қалам дидарыңды бір көргеннен.

 

Түсіме жиі енесің жаным жасырман,

Күлімдеп тұрып қарсы шығасың алдымнан.

Мендегі жүрек жиірек соға бастайды,

Қызғанып сені арайлап атар таңымнан.

 

Келбетің жаным жүрегімде тұр сақталып,

Жылы сөздерің жадымда қалды жатталып.

Өзіңді қайта көретін күнді асыға,

Күтіп жүрмін мен, сырымды айтар ақтарып.